From Wikipedia, the free encyclopedia
Радиолампа(электрондық лампа)-электр тізбегіндегі токты (токтың ауытқуын) басқаруға арналған электронды вакумды прибор.Электронды лампалар арқылы радиоаппаратурада электрлік тербелістерді қоздыру,күшейту,дитектирлеу,түрлендіру және басқа да процестер жүзеге асырылады.(Радиоқабылдағыш мақаласын қараңыз).Жоғар ваккумды(ішіндегі ауасы аса сиретілген)шыны немесе маталл баллон,электр тізбегіне (лампа панеліне )лампаны қосуға арналған саусақшалары (штырлері)бар тұғыр (цоколь)және ішкі электродтар –катод,анод және бұларды бірінен бірі бөліп тұратын торлар (әдетте катодты айнала қоршайтын сым спираль немесе тор түрінде балады)радиолампалардың неізгі бөліктері болып табылады.Электр тогымен қыздырылатын катод электрондар бөлін шығарады(термоэлектронды эмиссия құбылысы бойынша),лампаны электр тізбегіне қосқан кезде электрондар ауасыз кеңістікте анодқа қарай тартылып ұшады да , электр тогын тудырады.Осы токтың шамасы торлар арқылы реттеледі. Радиолампалар қоректендірілу тогының тегіне байланысты желілік немесе қыздырылатын және батареялық болып бөлінеді.желілік радиолампалардың катоты ортасынан айнымалы ток әсерімен қыздырылатын түтік тәрізді болады.Батареялы лампалардың тұрақты қоректенетін қыздыру қылының өзі катот болып есептеледі. Лампалы радиоаппаратураның барлығында дерлік металл баллонды радиолампалар пайдаланылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.