From Wikipedia, the free encyclopedia
Пунандар (өз атауы: пунан, букит, букитан)[1] — даяктар құрамындағы тайпалар тобы (пунандар, укиттер, бекетандар, басаптар, т.б.).[2] Олар негізінен Индонезияда Калимантан аралында, ішкі аймақтарда қоныстанған. Индонезияда -7000 адам, Саравакта (Малайзия) 2000 адам тұрады.[3]
Пунандар | |
пунан, букит, букитан | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
9 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Индонезия |
7 000 |
Малайзия |
2 000 |
Тілдері | |
пунан тілі | |
Діні | |
дәстүрлі наным-сенімдер, протестантизм, католицизм, суннизм |
Тілі - пунан тілі.[4]
Дінге сенушілердің діни ағымы: дәстүрлі наным-сенімдер, бір бөлігі – протестанттар, католиктер, сүнниттік мұсылмандар.[5]
Дәстүрлі кәсібі – кезбе аңшылық, олар қабан, бұғыларды, маймылдарды, аюларды, пантераларды, қабыландарды, мүйізтұмсықтарды және т.б.аулады. Аңшылық құралдарына – сумпитан, ұштары уланған жебелер, найзалар, қақпандар мен тұзақтар қолданылады. Сондай-ақ ерлер ротан, камфора, даммар шайыры, гуттаперча өндірумен айналысады, әйелдер жабайы жемістерді жинайды, ерлермен бірге саго өндіреді.[6]
Пунандар белгілі бір аумақта 40-60 адамнан тұратын топтармен жүреді. Жақын туыстар тобын ақсақал басқарады. ХІХ ғасырдың басында кейбір пунан топтары отырықшы өмір салтына көше бастады. ХХ ғасырдың ортасында Саравакта отырықшы пунандардың едәуір саны болды. Олар ұзын үйлерде тұрды, отырықшы фермерлермен ассимиляцияланды.
Дәстүрлі тұрғын үйлері – бұтақтардан жасалған көлбеу шатырлар бар, қабырғалары жас ағаштардан жасалған 2-8 жұпыны лашықтар.[7]
Дәстүрлі киімдері - ерлерде тападан жасалған жамбасты жауып тұратын таңғыш мата және әйелдерде қысқа белдемше, бас таңғыш. ХХ ғасырдың 50-жылдарында ерлер жейдесі мен саронг кең тарады.
Негізгі тағамы — қабан, бұғы, маймыл және түрлі құстардың еті.[8]
Әндері монотонды. Билері топта қарапайым тербелу қимылдары.[9]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.