Полинезиялықтар
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Полинезия – бірнеше аймақтан, аралдардан құралған географиялық аудан.«Полинезиялықтар» деп, әдетте Австралия, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея елдері мен Малай архипелагы аралдарының тұрғындарын атайды. Сондай-ақ, Тынық мұхиттың маңында шашырай орналасқан аралдардың да жалпылама атауы осындай. Полинезияның жергілікті тұрғындары бірнеше жылдар бұрын Африкадан келген. Кейін еуропалықтар бұл жерге өз колонияларын орнатты. Алғашқы қоныстанушылар Папуа және Папуа Жаңа Гвинеядан Соломон аралдарына келіп, Вануату, Жаңа Каледония және Фиджи аралдары мен Меланезия архипелагының маңына жағалай орын тепкен. Гвинеяның байырғы тұрғындары «папуастар» деп аталады. Таити аралдары – полинезия, француз және азиялықтардың мәдениеті тоғысқан өлке. Сондай-ақ, тұрғындардың жартысы фиджилер болса, қалғандары үндістер. Олар үйлерінің қабырғасын тоқылған бамбук пен шөптерден тұрғызса, төбесін сабаннан жасалған шатырмен жабады. Панданнан14 тоқылған кілемдер жерге төселеді. Жаңа Зеландияның байырғы тұрғындары «маорилер»деп аталады. Олар полинезиялықтардың қатарына кіреді және Жаңа Зеландия халқының 10 пайызын құрайды.
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-448-1
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.