From Wikipedia, the free encyclopedia
Пироксендер (грек. pyr — от, xenos — бөгде) — силикаттар класының тізбекті тармағына жататын, тау жыныстарын құраушы темірлі-магнийлі минералдар тобы. Жалпы хим. формуласы: M`M[Sі2O6], мұндағы M` — Mg, Fe2+, Na, Ca, Lі; M — Mg, Fe2+, Fe3+, Al, Mn2+, Nі2+, Tі4+, Tі3+, Cr3+, V3+. Кейбір Пироксендерде Sі4+ бөлігі изоморфты түрде Al3+-пен алмасады. Пироксендердің кристалдық құрылымы — тізбекті, негізінен [SіO4]-тетраэдрлерінің жай (пироксендік) тізбектері. Пироксендер ромбылық (ортопироксендер) және моноклиндік (клинопироксендер) сингонияларда кристалданады. Ромбылық Пироксендерге жататын энстатит (Mg2[Sі2O6]) пен ферросилит (Fe2[Sі2O6]) үздіксіз изоморфтық қатар түзеді. Ферросилит таза түрінде жер қыртысында өте сирек кездеседі. Моноклиндік Пироксендер сілтілік және жер сілтілік болып бөлінеді. Біріншісіне диопсид Ca(MgFe)[Sі2O6], геденберит CaFe[Sі2O6], кейінгісіне жадеит NaAl[Sі2O6], сподумен LіAl[Sі2O6], эгирин NaFe[Sі2O6] жатады. Пироксендердің жеке кристалдары қысқа призма, минералдық агрегаттары тұтас, түйірлі масса түрінде келеді, жымдастығы 87 — 93o бұрыштармен қиылысатын призма бойынша жақсы байқалады; қаттылығы 5 — 6,5, тығыздығы 3,1 — 3,6 г/см3. Түсі ақ, сұр, сарғылт, қара қоңыр, қоңыр жасыл, жасыл. Гидротермалды ерітінділер мен экзогендік процестерден Пироксендер уралитке, хлоритке, монтмориллонитке, т.б. тау жыныстарына айналады. Ромбылық Пироксендердегі Са шамасы кристалдану температурасының төмендеуіне байланысты азаятындықтан, оларды геологиялық термометр ретінде, жадеитті әшекей тас ретінде, ал сподуменді литий өндіруде қолданады. Қазақстанның таулы аймақтарында негізді, ультранегізді, метасоматикалық тау жыныстарында кездеседі.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.