From Wikipedia, the free encyclopedia
Парадигма, үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
Саясаттануда парадигма деп – саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттушісі Томас Кун.Ол сондай-ақ, белгілі ғылыми дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс.
Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды.
Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.[1] (гр. παράδειγμα
Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен , қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Ол екіге бөлінеді:
Педагогикалық парадигма- педагогикалық міндеттердің белгілі топтарда қалыптаскан үлгі-стандарты, дағдылы көзқарасы. Алайда, танымал үлгі-стандартты және көзқарастарды күмәнді етіп койғанымен, педагогика ғылымында және төжірибеде фактілер қолданылады.
Педагогикалық парадигма екі жақтық қызмет атқарады: бір жағынан - педагогика ғылымға ғылыми проблемалардың шешімін жеңілдетеді, ал екінші жағынан педагогикалық шығармашылық мәселелердің өңделуін тоқтатып, жаңа идеялардың қабылдауына кедергісін сәл де болса тигізеді. Кейбір педагогикалық парадигмаларды келтіруге болады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.