Оғыз тілдері немесе Оңтүстік-батыс түрік тілдері - ертедегі көне түркі тайпаларының бірі - оғыздардың (кейде ғұз, ұз) тілі. Түркі тілдерінің 6 бөлікшелірінің бірі[2]. Қазіргі заманда Батыс және Орталық Азияда, Шығыс Еуропа елдерінде тараған. Оғыз тілі көне заманда кең тараған түркі тілдерінің бірі болғанымен, бүгінде ол өлі тілдер қатарына жатады.
Оғыз тілдерінің бөлікшелері
Ираника энциклопедиясы мәдіметі бойынша, Оғыз тілдерінің құрамына Афшар, Әзірбайжан, Қырымлы, Ғағауыз, Қорасан түркі, Османлы, Печенег, Қашқай, Салар, Түрік, Түрікмен тілдері кіреді [3].
Тарихы
7-8 ғ-да балбал, сынтастар бетіне жазылған көне түркі жазба ескерткіштерінің Селенга және Орхон өзендерінің бойында табылған бір тобы ( Онгин, Құтлық қаған, Күлтегін, Тониқұқ т.б.) осы көне Оғыз тілдеріне жазылғаны мәлім. Орта ғасырда пайда болған көне түркі жазба ескерткіштердің ішінде Махмұд Қашғаридың сөздігінде («Диуани лұғат ат-түрк») Оғыз тілдерінің ерекшеліктері көбірек сақталған. Оғыздар Түрік қағандығы құлағаннан кейінгі дәуірде өз мемлекетін құрып (орталығы Жаңакент), төңірегіндегі түркі тайпаларының (оның ішінде қыпшақтардың) тіліне зор ықпал жасады және бірнеше дербес тілдерджің (түрікмен, әзірбайжан, гагауз, түрік т.б.) қалыптасуына негіз болды.
Оғыз тілдерінің ерекшеліктері
Оғыз тілдері көне түркі тілдерінің ішінде, әсіресе қыпшақ тілдерімен өте жақын болу себебі, біріншіден, олардың төркіндестігі болса, екіншіден, ұзақ тарихи дәуірлер бойы оғыздар мен қыпшақтардың аралас-құралас бірге тұрып, біте қайнасуына байланысты.
Алайда көне Оғыз тілдерінің өзіне ғана тән кейбір ерекшеліктері болған.
Фонетикалық ерекшеліктеріне:
а) 8 қысқа дауысты фонеманың сақталуы;
ә) сөз аяғындағы г//ғ дауыссыз дыбыстарының тұрақтылығы («дағ» - тау, «бәг» - бек); осы дыбыстардыңкейбір қосымшалардың құрамында түсіп қалуы («гәлән» - келген, «алан» - алған);
б) сөз басындағы қатаң т, к, қ тәрізді дыбыстардың ұяңдануы («дил» - тіл, «гәл» - кел),
в) бол (≥ ол) сөзінің басында б дыбысының айтылмауы т.б.
Грамматикалық ерекшеліктер:
а) кейбір септік және көптік жалғаулардың фонетикалық редукцияға (қысқаруға, әлсізденуге) ұшырауы («адама» - адамға, «малың» - малдың, малнин; «бэрэрис» - берерміз т.б.);
ә) кейбір морфологиялық форманттардың (-малы//-мэли, -мыш//-миш) сақталуы және басқаша мағынада жиі қолдануы т.б. жатады.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.