From Wikipedia, the free encyclopedia
Отырар - 15 ғасырда іргесі қаланған киелі мекен.
19-20 ғасырдың басында Отырар өлкесінің тарихи мұраларын В.В.Бартольд, И.П.Пословский, Д.Н.Люшин, И.А.Кастанье, Н.В.Руднев, т.б. археологтар ғылыми тұрғыда зерттеп, көптеген еңбектер жазды.Осы өңірдің ежелгі тарихы туралы сол заманның тарихшылары, географтары, жиһанкездері Птолемей, Геродот, Страбон, араб-парсы тарихшылары Әбу Исхақ Ибраһим әл-Истархи, Абу Райхан Мухаммед ибн Ахмед әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Рузбехан, т.б. жазып қалдырды.1947-1968 жылдар аралығында Отырар ескерткіштерін Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция құрамында Е.Е.Агеева, А.Г.Максимова, Г.И.Пацевич және Хорезм археологтарының құрамына Л.М.Левина, В.Б.Андрионов, Б.И.Вайнбергтер зерттеу жүргізді.1969-1970 жылдары Отырар экспедициясы, 1971-2005 жылдардан ОҚО кешенді археологиялық экспедиция құрамына К.А.Ақышев, Е.Смағұлов, С.Ақылбек, Д.Ваякиндер қазба жұмысын жүргізіп, зерттеп келеді.Сонымен қатар, Отырар ескерткіштерін елге танытып, насихаттауда Ө.Жәнібеков, А.Әлімов, А.Алтаев, Е.Бүрлібаевтар көп еңбек сіңірді.
1990 жылдан бері Ә.Марғұлан атындағы Археология институты және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі бірлесіп зерттеулер жүргізіп келеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.