From Wikipedia, the free encyclopedia
«Оскар» (ағылш. Oscar) — АҚШ киноөнері академиясының жыл сайынғы тапсырылатын жүлдесі. Бұл АҚШ-тың ең танымал киноматографиялық марапаты. «Оскарды» тапсыру салтанаты әлемнің ондаған елдерінде тікелей эфирде көрсетіледі. Тіпті «Оскарға» кандай да бір табынушылық бар деп айтуға болады. Басқа кинофестивальдерден ерекшелігі «Оскар» әділқазылар алқасының шешімімен емес, Академия мүшелерінің жалпы дауыс беруінің нәтижесі бойынша табысталады. «Оскар» - әлемдегі ең маңызды және беделді кино сыйлығы.[1][2]
Оскар | |
---|---|
Шынайы атауы | ағылш. Academy Awards |
Мемлекет | АҚШ |
Соңғы иегері | 2023 |
Сайты | oscars.org |
Academy Awards Ортаққорда |
«Оскар» жүлдесі алғаш рет 1929 жылы тапсырылды. 1976 жылға дейін салтанаттың тікелей көрсетілімі «NBC» арнасы арқылы жүргізілді, содан бері бұл құқық «ABC» арнасына тиесілі. Қазіргі уақыттағы соңғы, мүсіндерді тапсырудың есеп бойынша 80-салтанаты 2008 жылдың 24 ақпанында, жексенбіде голливудтық «Kodak Theatre»-де өткізілді.
2007 жылдың басындағы мәліметтер бойынша Америкалық Киноакадемия 16 салаға бөлінген 5830 дауыс беруге құқылы мүшелерден тұрады. Актерлық сала ең басым болып табылады(1251 дауыс беретін қатысушысы бар). Әр сала өз категориясы бойынша дауыс береді(актерлар ең жаксы актерды, ең жақсы актрисаны және т.б. таңдайды). «Ең жақсы деректі фильм», «ен жақсы шет тіліндегі фильм», «ең жақсы грим», «ең жақсы кысқаметражды фильмдер», «ең жақсы дыбыс монтажы» және «ең жақсы арнайы әсерлер» категориялары бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін киноакадемиядан тыс арнайы топтар құрылады.
Киноакадемияның барлық мүшелері тек бір ғана категория – «ең жақсы сурет» үшін дауыс береді.
Қазіргі уақытта «Оскар» 24 негізгі номинация бойынша тапсырылады:
Негізгі номинациялармен қатар «Оскар» арнайы номинациялар бойынша да тапсырылады. Олардың иегерлері Академияның арнайы құрылған комитетімен анықталады да, негізгі салтанаттан тыс тапсырылады. Қазіргі уақытта мұндай номинациялардың саны 4:
«Оскардың» алғашқы жылдарында режиссерлер екі категория бойынша марапатталатын – драманың үздік режиссері және комедияның үздік режиссері. Сол сияқты сазгерлер жұмысы да «жеңіл» және «күрделі» болып бөлінді. 1930-1960 жылдар аралығында үздік фильм, үздік суретшінің және костюм дизайнерінің жұмысы жүлделері ақ-қара және түрлі-түсті киноға жеке-жеке тапсырылған. Сонымен қатар кейбір жылдары мынадай номинациялар болды:
Режиссердің үздік комекшісі – 1933 жылдан 1937 жылға дейін
Үздік хореография - 1935 жылдан 1937 жылға дейін
Үздік техникалық әсерлер – 1928 жылы
Үздік музыка – адаптация немесе аранжировка
Үздік қысқаметражды түрлі-түсті фильм – 1936-1937 жылдар аралығы
Үздік қысқаметражды екi бобинаға түсірілген фильм – 1936 жылдан 1956 жылға дейін
Үздік қысқаметражды жаңашылдық фильм – 1932 жылдан 1935 жылға дейін
Үздік бiртума әдеби негiз – 1928 жылдан 1956 жылға дейін
Үздік титрлар – 1928 жылы
Орындаудың үздік бiрегей және көркемдiк сапасы – 1928 жылы
Акедемияның жастарға арналған жүлдесі – 1934 жылдан 1960 жылға дейін
Тек бір қазақстандық фильм («Моңғол») сыйлыққа ұсынылды.[3] Екі фильм («Келін» және «Айка») тоғыз фильмнің қысқа тізіміне (Шорт-лист) енді, бірақ қорытынды номинацияға жете алмады.
Биіктігі 34 см, салмағы 3.85 кг Оскарлық мүсін алтынмен қапталған британийден құйылған және қара мрамордан жасалған постаментте жатыр. Ол ленталық бобинада тұрған қылышты батырды бейнелейді. Аңыз бойынша, «Оскардың» бейнесін ойлап тапқан Седрик Гиббонс іш пыстыратын бір жиналыста оның эскизін қойын кітапшасына түсіріпті. Академияның құрамына 6000-нан аса адам кіреді.
Қызыл кілемнің ұзындығы – 150 метрдей, ені – 10м. Ол әрқайсысы 135 кг-нан тұратын бірнеше орамадан тұрады, ал оның жалпы салмағы – 5 тонна. Кинотеатрға кілем салтанатқа 4 күн қалғанда екі үлкен жүк машинасымен жеткізіледі. Кілемнің бүкіл бөліктерін біріктіріп, қиылысқан жерлерін жауып, түзетіп төсеуге 2 күн және 21 адам қажет. Салтанат басы біткен соң кілемді жинай бастайды. Оған 4 сағат кетеді.
Кілемдерді жиектей орналастырылатын биіктіктері 2,5-тен 8 м-ге дейін жететін, салмақтары 550 кг болатын үлкен «Оскар» мүсіндерін әйнекталшықтарынан жасайды. Содан соң жұқа алюминий қабықшаларын жапсырады да сары бояумен бояйды. Оларды үнемдеу үшін алтынмен боямайды: арнайы сары бояу софит жарығында алтыннан да жақсы көрінеді.
Жұлдыздар орындарынан жаңылыспауы үшін орындықтарға олардың суреті мен есімі жазылған тақташалар қойылады. Фильмде бірге түскен актерлар қатар отырғызылады, мұнымен қатар олардың жанұялық жағдайы ескеріледі: жұбайлары немесе сүйіктілері де жандарында болады.
Жұлдыздарды да қатаң тексереді. Алдымен полиция жұлдыздар келген лимузиндарды тексереді, содан соң қызыл кілемге кіре берісте шақыру қағаздарын көрсетіп, металліздеушіден өтеді. Қазіргі уақытта номинанттарға берілген дауыстарды санау үрдісін «Pricewaterhouse» аудиторлық компаниясының мамандары жүргізеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.