From Wikipedia, the free encyclopedia
Ортогенез (грек. orthos – түзу және ...генез), ортоэволюция – тірі табиғаттың дамуына ішкі факторлар себепші болып, организмдер эволюциясы қатаң түрде белгілі бір бағытта жүреді деген тұжырым. Ортогенез терминін ғылымға 1893 жылы неміс ғалымы В.Хакке енгізді. Ортогенез туралы ғылыми көзқарас неміс ғалымы Т.Эймердің еңбектері негізінде қалыптасқан (1888 – 97). Ол Ортогенездің мәнін – тіршіліктің эволюциялық дамуының бағыты табиғи сұрыпталудың нәтижесінен емес, қайта өзгергіштіктің бастапқы бағытымен анықталады деп түсіндірді. Ал барлық тірі организмнің өзгеруі – оны қоршаған сыртқы ортаның әсерінің нәтижесінен болады және ол табиғаттың қатаң бір белгілеген бағытымен жүріп отырады, сондай-ақ, тұқым қуалайды. XX ғасырда Ортогенез ілімін жақтаушылар тіршіліктің эволюция дамуының бағытын анықтауда шешуші рөлді организмнің ішкі факторлары (материалдық, бейматериалдық) атқарады деп тұжырымдады. Бірақ бұл факторлар әуел бастан генетикалық кодта жазылады немесе организмнің жалпы физика-химиялық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Ортогенез тұжырымдамасы көп жағдайда эволюция процесті автогенездік себептермен түсіндіруге тырысады. Автогенез (грек. autos – өзім және ...генез) – тіршіліктің эволюция дамуын идеалистік тұрғыдан сипаттайтын тұжырымдамаү[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.