Олжа – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұғым.[1] Жорық барысында қолға түскен тұтқындар мен материалдық байлықтар (мал, қару-жарақ, т.б.). Олжа саналып, әскерді марапаттаудың бір түрі ретінде көрсеткен ерлікке, атақ-дәрежеге сай бөлінген. Олжаның бестен бір бөлігі (ең жақсысы) ханның, әміршінің үлесіне тиіп, қалғандары жеңіске қосқан үлестеріне қарай батырлар мен жауынгерлерге бөлініп берілген. Батырлық жырларда қазақ батырларының олжаға түскен қалмақ қыздарына үйленгені айтылады. Әскердің, батырлардың, қолбасшылардың еңбегін, қызметін әділ бағалап, уақытында марапаттау, олжа беру жауынгерлердің әскери рухын көтерген. Бұл әскери дәстүр қазақ хандығында 19 ғасырға дейін сақталды. Қазіргі кезде кездейсоқ тауып алынған зат олжа болып саналады.
Ішкі сілтемелер
- Материалдық байлық
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.