From Wikipedia, the free encyclopedia
Нұтфолла Шәкенов (10.11.1928, Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Хамзин атындағы aуылы -11.6.1983, Алматы) - ақын.
Арғын тайпасының Бәсентиін руы Бөрі бөлімінен шыққан.[1]
ҚазҰУ-ды бітірген (1948). 1944 - 48 жылдары республикалық "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналының бөлім меңгерушісі, 1948 - 1949 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы, 1949 - 1955 жылдары қазақ радиосы әдеби-драмалық хабарлар редакциясының бас редакторы, "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан" ) газетінің жауапты хатшысы, 1966 - 1968 жылдары Қазақстан жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1970 - 81 жылдары Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болды.
Алғашқы "Біздің жыр" атты өлеңдер жинағы 1949 жылы жарық көрді. "Жүрек сөзі"(1953), "Орамал" (1956), "Шаттық желі" (ән текстері; 1958), "Айгүл" (1961), "Сақина" (1971), "Жүз ән" (ән текстері; 1973), "Бел-белес" (таңдамалы; 1975), "Белеңдер" (1979), "Жан сәуле" (1984) т.б. 30-ға тарта өлеңдер мен поэмалар жинағы бар. Шәкенов қаламынан 100-ден аса ән мәтіндері туды.
Қазақстан Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.