From Wikipedia, the free encyclopedia
Нұрсұлтан (тат. Nursoltan, Нурсолтан, Нур-Солтан, 1451 — 1519) — Қазан және Қырым ханбикесі, қажы. Алтын Орда ханы Ахмет ханның кезіндегі Темір беклербектің қызы. Оның әкесі Темір ноғай татарларынан шыққан.
Нұрсұлтан тат. Нурсолтан | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
1466 — 1479 | ||||
| ||||
1486 — 1519 | ||||
Өмірбаяны | ||||
Дүниеге келуі | 1451 | |||
Қайтыс болуы | 1519 Бақшасарай | |||
Әкесі | Темір | |||
Жұбайы | 1-күйеуі: Халил, 2-күйеуі: Ибраһим 3-күйеуі: I Меңлі Герей | |||
Балалары | Мұхамметәмин, Ғабделлатиф, Гауһаршад | |||
өңдеу |
Қазан ханы Халилдың әйелі, Халил қайтыс болғаннан кейін Қазан ханы Ибраһимның әйелі. Кейінірек Қырым ханы Меңлі Герейдің әйелі. Қазан хандары Мұхамметәмин мен Ғабделлатиф және Қазан ханбикесі Гауһаршадтың анасы.
Болжам бойынша, Нұрсұлтан 1451 жылы дүниеге келген.
1466 жылы 15 жасар Нұрсұлтан Қазан ханы Халилге тұрмысқа шықты, ал бір жылдан соң Халил күтпеген жерден қайтыс болды.
1467 жылы Халилдің інісі Ибраһим Қазан тағына отырады. «Ағаңның әйелі - сенің әйелің, ал балалары - сенің балаларың» ежелгі түркі дәстүрі бойынша Нұрсұлтан Ибраһимның әйелі болады.
Ибрагим ханның әйелі Фатима Шаһ Сұлтан және оның үш ұлы болғанына қарамастан, екі жылдан кейін Нұрсұлтан бәйбіше болып санала бастады. Нұрсұлтан Ибраһимнен екі мұрагер табады: болашақ Қазан хандары — Мұхамметәмин және Ғабделлатиф, сондай-ақ қызы - Қазан хандығының көрнекті қайраткері, ханбике Гауһаршад.
1479 жылы Қазан ханы Ибраһим қайтыс болды. Қазан ақсүйектері екі партияға бөлінеді, бірінші жақ бойынша Қазан тағында Ибраһим хан мен Фатиманың үлкен ұлы Илһам, ал екінші жақта Ибрагим хан мен Нұрсұлтанның үлкен ұлы 10 жасар Мұхамметәмин отыруға тиесілі деп санайды. Нәтижесінде, Илһам — Қазан ханы болады деп шешілді.
1479 жылы Ибраһим мен Фатиманың ұлы Илһам хан Қазан тағына отырғаннан кейін, Нұрсұлтан балаларымен бірге Қазаннан кетуге мәжбүр болды. Нұрсұлтан үлкен ұлын Мұхамметәминді Мәскеу кінәзі ІІІ Иванның қызметіне жібереді, ал кіші ұлы Ғабделлатифті өзінде қалдырады.
1469 жылдан бастап Мәскеу кінәзі ІІІ Иван мен Нұрсұлтан ортақ тіл тауып, бір-біріне достық қарым-қатынаста болып, III Иван Нұрсұлтанның ұлына көмектесе бастайды, тіпті, Ливония шайқасында Мұхамметәминді Мәскеу әскерінің қолбасшысы етіп тағайындайды, сонымен бірге, ол Кашира қаласын басқарады.
Нұрсұлтанның өзі кіші ұлы Ғабделлатифпен бірге Қырымда тұратын туыстарына барады. Ақылды, білімді Нұрсұлтан III Иванмен хат жазысса, Қырымда қайырымды, әдемі әйел ретінде танылады. Қырым ханы Меңлі Герей Темір Маңғытқа жиі барады және 1486 жылы Нұрсұлтанға үйленіп, оны өзінің бәйбішесі етеді.
1486 жылдан бастап Нұрсұлтан Қырым ханбикесі атанды. Бақшасарайда Ашлама сарайы мен Мемлекеттік сарайда тұрды, сыртқы саясатқа белсенді қатысты және Мәскеу кінәзі мен Османлы сұлтан Баязитпен хат алмасады.
1492 жылы Нұрсұлтанның әсерінен Меңлі Герейдің үлкен қызы Айша Осман империясының мұрагері Сәлімге тұрмысқа шығып, оның ұлы әйгілі I Сүлеймен болды.
1494 - 1495 жылдары Нұрсұлтан Таяу Шығысқа қажылық жасады: ағасы Хұсейінмен бірге Арабияда, Мысырда, Меккеде, Мединада қажылық жасады. Қажылықтан оралғанда, III Иванға сыйлық ретінде ат жібереді. III Иван Нұрсұлтанның ұлдарына Қазан тағына отыруға көмектесуге уәде береді.
1510-1511 жылдары Нұрсұлтанның өгей ұлы Сахиб Гереймен бірге Мәскеу мен Қазанға сапар шегіп, ұлдарымен кездесті. Сапар нәтижесінде Қырым, Қазан және Мәскеу арасында бейбітшілік келісіміне қол қойылды. Бұл келісім Қырыммен 1513 жылға дейін, Қазанмен 1519 жылға дейін бұзылмады.
Нұрcұлтан, оның қызы Гауһаршад және Сүйімбике - көрнекті әйел-қыз саясаткерлер мен ханбикелер ретінде татар тарихына енген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.