From Wikipedia, the free encyclopedia
Норвегтер (норв. nordmenn) — Норвегияның негізгі халқы. Жалпы саны 5 млн-нан астам. Норвегияда (4,3 млн.), Швецияда (38 мың), Данияда (11 мың) Еуропаның басқа да мемлекеттерінде және АҚШ-та (650 мың), Канадада (180 мың), Австралияда (5 мың) тұрады. Үлкен еуропоидтық нәсілдің балтық типіне жатады. Норвегтер бойшаңдығымен ерекшеленеді (әсіресе Бат. Норвегияда). Үндіеуропалық тіл шоғырының герман тобындағы норвег тілінде сөйлейді, 26 батыс, 5 шығыс диалектісі бар. Жазуы латын әліпбиі негізінде. Діни сенімі бойынша халқының көпшілігі – лютерандар, католик пен протестанттық бағытты ұстанушылар да бар. Норвегтердің арғы аталары – герман тайпалары Скандинавияны б.з.б. 3-мыңжылдықтың соңынан қоныстана бастаған. 5 – 8 ғ-ларда Норвегияны ауганд, грани, раум, ранрики, халейг және тренд тайпалары мекендеді. Алғаш нордман (“солтүстік адамы”) атауы 9 ғ-дағы ағылшын жазба деректерінде кездеседі. Кейінгі ғасырларда жергілікті тайпалар біртіндеп жеке этностарға (фарерліктер, исландықтар) айналды, кейбірі шотландықтардың (Шетланд, Оркней, Гебрид аралдары) құрамына енді. 14 – 16 ғ-ларда дат тілі іскерлік құжаттарда норвег тілін ығыстырып шығарды. 19 ғ-да өнеркәсіптің дамуы мен тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде норвег ұлты қалыптасты. 19 ғ-дың ортасында дат тілінің ықпалына ұшыраған риксмол (“мемлекеттік тіл”) әдеби тілінің орнына әр түрлі диалектілердің ерекшеліктерін үйлестіре отырып жасалған жаңа тіл – лангсмол (“елдің тілі”) енгізілді. Дәстүрлі мал шаруашылығы – өсіру 20 ғ-да бірінші орынды өнеркәсіпке берді. Орман шаруашылығы жыл сайынғы маусымдық кәсіпке айналды. Балық аулаумен, негізінен, солт-те тұратын Норвегтер айналысады. Теңіз транспорты жоғары дәрежеде дамыған. Қолөнерінен ағаш жону мен ағаштан өрнектер жасау дамыған. Норвегтердің жартысынан көбі қалаларда тұрады. Елді мекеннің селолық типі – жеке үй-жай (горд). Дәулетті Норвегтердің дәстүрлі гордтары үлкен тастардан немесе тас тақташалардан қаланған іргетастың үстіне салынады. Ұлттық киім – бунадтың 200-дей жергілікті үлгілері бар. Қазіргі заманғы бунад Норвегтердің мерекелік киімі болып есептеледі. Норвегиядағы кең тараған мейрамдар – Рождество, масленица, пасха мен әулие Ханс мейрамы (23-нен 24 маусымға қараған түнде өткізіледі).
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.