From Wikipedia, the free encyclopedia
Нағашы немесе нағашы жұрт[1] — туыстық атау. Шешесінің төркіні балаларына нағашы болады. Әже төркіні немересіне түп нағашы делінеді.
Қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша нағашы мен жиен арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар бірін-бірі күндемейді, араларында бақталастық, қызғаныш болмайды, өзара әзілдесіп қалжыңдасады. “Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды” деп, жиендерін барынша еркелетеді. “Балалығың ұстаса нағашыңа бар”[2] деген мәтел соны меңзейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында нағашының жиенге қарағанда жолы үлкен болады. “Нағашы-мен күрескен жиен жығылады”[3] деген мәтел бар.
Нағаш жұрттың «сыншыл» дейтін үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы осылар. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырған. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашы жиеінін күндемейді, керісінше, оның азаматтығы мен ізгі істеріне сүйініп, мақтанып, мақтап отырады. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін. Нағашы жұрттың еркек-әйелдерін жиендері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», «нағашы іні», «нағашы аға», «нағашы әже» деп атайды. Жиен – қыздан туған бала. Нағашы ауылы үшін еркек, аса қадірлі. Ол нағашыларынан үш рет қалаған нәрсесін алуға құқылы. Оған ұрсуға, сөзін кектеуге болмайды. Жиеншар – жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендік ғұрыпты жалғастырады. Бөле – апалы-сіңілілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле» болады. Бір-бірімен өте тату болады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.