Remove ads
1954—1970 жылдары елді басқарған Мысырдың екінші президенті From Wikipedia, the free encyclopedia
Гамаль Абдель Насер (араб.: جمال عبد الناصر — Джамāль ‘Абд ан-Нāсыр, Гамаль Абдэль-Насер; 1918 жылы 15 қаңтар, Александрия, Египет — 1970 жыл, 28 қыркүйек, Каир) — египеттің армия офицері, Мысырда 1954-1956 жылдары министрдің орынбасары, 1956-1970 жылдары президент болған.
Абдель Насер Гамаль | |
---|---|
Абдель Насер Гамаль | |
Дүниеге келгені: |
1918 ж. қаңтардың 15 Александрия, Египет |
Қайтыс болғаны: | 1970 қыркүйек 28 |
Ұлты: | араб |
Мансабы: | саяси қайраткер |
Жастайынан британдықтарға қарсы сөз сөйлеген. Армия офицері ретінде мелекет басында генерал Мұхаммед Нагиб болғанда, монархия құлағанда (1952), әскери төңкерісті басқарады. Мұсылмандық туыстық оған қастандық ұйымдастырып, ол сәтсіз болды.
1956 жылы ата заң қабылданып, Мысыр бірпартиялы жүйедегі социолистік мемлекет болуына келісім беріліп, ал ол президент болды. Сол жылы Суэц каналы (Суэц дағдарысы) ұлттандырылып, АҚШ пен Ұлыбритания көмек көрсетуге ұсынысын қайтарып алғанда, Асуан құрылысына кеңес үкіметінен көмек берілді.
Сонан соң Мысыр британдықтардың, француз және израйл соғысына төзімділік көрсетеді. Харизматикалық тұлға ретінде Біріккен Араб Республикасы Сериямен қысқа мерзімді уақытта тұтас араб елін басқаруға тырысады (1958-61).
Ол жүрек талмасынан қайтыс болғанда Арабтардың кедейленген алтыкүндік соғысын күшпен тоқтатып, АҚШ, Мысыр мен Израилдің арасында бейбітшілік жоспарын қабылдады. Оның мұрагері Анвар Садат болды.
XX ғасырдың басында Египет шартты түрде Түркия құрамында болды. Солай бола тұра Ұлыбританияға тәуелді еді. Өйткені елдегі саяси және экономикалық жағдайды олар өз бақылауында ұстады. Ағылшындар елде өз әскерлерін орналастырып, өндірістеріне аса қажетті мақта өндіруді күшейтті. Олар Суэц каналын қолында ұстады. Тасымалда өте маңызды болған каналдан түскен пайданың көп бөлігі Англияға жіберіліп жатты да, бір бөлігіне Франция иелік етті. Египеттің сол кездегі билеушілері – хедивтер, сұлтандар, корольдері армияға басшылық еткен ағылшындардың ықпалына көнуіне тура келді. Уақыт өткен сайын олар отаршылардан азат болу үшін қарсылық әрекеттерге барса да, ағылшындар әскер күшімен басып тастап отырған. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған 1914 жылы желтоқсан айында ғана ағылшындар Египеттің статусын өзгертті. Түркия мемлекеті Германия мен Австрия-Венгрияның одақтасы атанып, Египет оның шартты түрде құрамында болу мәнінен айрылған еді. Осыдан кейін-ақ Ұлыбритания бұл елге өзінің толық билігін орнатты.
1922 жылы ақпанда Египет өзінің тәуелсіздігін жариялаған. Бұл жәй сөз жүзінде ғана болатын. Ағылшын әскерлері Египеттен шығарылған жоқ. Сондықтан Египетті басқарып отырған король ағылшындардың қолжаулығына айналды. 1918 жылы құрылған «Вафд» оппозициялық партиясы үлкен жиындарда Египет үкіметін үнемі қатаң сынға алудан бір тайған емес. Олардың мүшелері үкімет басшылығына барса да, өкінішке қарай, ағылшын әскерін елден шығара алмады. Ағылшындар Египеттің ұлттық армиясын үнемі бақылауда ұстады. Осындай аумалы-төкпелі кезде Гамаль Абдель Насер өмірге келіп, ағылшындар тарапынан бар әділетсіздікті көріп өсті. Ол 1918 жылы 15 қаңтарда Александрия қаласында туды. Әкесі Абдель Насер Хусейн кіші мемлекеттік қызметкер, теміржол вокзалдарының бірінде почта бөлімінде қызмет етті. Анасы Фатима Жоғары Египетте өмірге келген. Александрияда жеке шаруашылығы бар еді.
1925 жылы күзде ата-анасы Гамальды сапалы білім алу үшін Каир қаласында тұратын ағасы Халил Хусейнге жібереді. Екі жылдан соң анасы бақилық сапарға аттанып, әкесі басқа әйелге үйленеді. 1919 жылы көтеріліске қатысып, бірнеше жыл түрмеде отырған атасы Халил өзінің қайтыс болған досының ұлы Махмудты да тәрбиесіне алған. Ол Гамаль мен Махмудқа орта ғасырдағы Египет билеушісі Саладиннің «Крест жорығына» қатысушылармен шайқасып, жеңіске жеткен ерліктері туралы айтып береді.
Гамаль 12 жасында Александрияға қайта оралып, үкіметке қарсы студенттер шеруіне қосылған. Бұл оның өмірін мүлдем өзгертіп жіберді. Студенттер Каирдың көшелерімен «Египет жасасын!» деп айқайлап өтіп жатқанда, полицейлер оларды сойылмен ұрып тарата бастаған. Насер де соққы алып, жерге құлайды. Оны тұтқындап, түрмеге қамаған. Гамаль сол жерде Египет жастар ұйымының мүшелерімен танысады. Түрме басшылары оны ертеңінде ғана кәмелетке толмаған жас ретінде босатады.
Гамаль еуропалық білім беретін орта мектепке түседі. Ол көп уақытын қітапханада өткізіп жүрді. Еуропадағы революциялар тақырыбына жазылған кітаптарды оқиды.
Орта мектепті бітірген Гамаль туыстарының айтуымен полицей болғысы келген. Бірақ ол қара киімді полицейлердің шерушілерді қалай ұрып-соққанын естен шығара алмады. Ол әскери офицер болуды армандап, Каирдің әскери академиясына құжаттарын тапсырған. Бірақ сынақтан өте алмайды. Оның үкіметке қарсы шерулерге қатысқаны кедергі келтірді. Гамальға Каир университетінің Заң факультетіне түседі. Жарты жылдан соң ол Әскери академияға қосымша талапкерлер қабылдау жөнінде жарнаманы оқып, атасы Халилге барып, таныс генералының көмектесуін сұрайды. Генералдың көмегімен академияға оқуға қабылданған. Бір жылдан кейін лейтенант шенін алады.
Көлбай Адырбекұлы ГАМАЛЬ АБДЕЛЬ НАСЕР(қолжетпейтін сілтеме)
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.