Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Нархоз университеті — Экономика, қаржы, менеджмент пен бизнес, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік басқару және құқық саласында оқытуды жүзеге асыратын Қазақстандағы жеке меншік университет. 1963 жылы құрылған, қазіргі атауына 2016 жылдан бері ие. Университет құрамына дайындық бағыттары бойынша 5 кәсіптік мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары, ғылыми-білім беру департаменттері, колледж кіреді. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Нархоз университеті | |
Ұраны: | |
---|---|
Learning today – Leading tomorrow | |
Университет атауы | |
Халықаралық атауы | Narxoz University |
Бұрынғы атауы | Алматы халық шаруашылығы институты (АХШИ), Қазақ мемлекеттік экономика университеті, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1963 жыл |
Оқу тілі | Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Қазақстан, Алматы |
Мекенжайы | Алматы, Жандосов көшесі, 55 |
Кампус | қалалық |
Әкімшілік | |
Президенті | Қанат Темірғалыұлы Қожахмет |
Негізгі көрсеткіштер | |
Сайты | narxoz.edu.kz |
өңдеу |
Жылдар |
Оқу орнының атаулары: |
---|---|
1963—1991 | Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің «Алматы халық шаруашылығы институты» мемлекеттік мекемесі (АХШИ) |
1991—1993 | Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті» мемлекеттік мекемесі |
1993—2000 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (ҚазМБА) |
2000—2001 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесі |
2001—2002 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ЖАҚ) |
2002—2014 | «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» акционерлік қоғамы («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» АҚ) |
2014—2016 | Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ («Т. Рысқұлов атындағы ЖЭУ» АҚ) |
2016—2020 | «Нархоз университеті» АҚ |
2020—қазірге дейін | «Нархоз университеті» КЕАҚ |
КСРО Үкіметінің 1963 жылғы 9-мамырдағы «Жоғары және орта арнайы білім беруді одан әрі дамыту, жас мамандарды даярлау мен пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес «Алматы халық шаруашылығы институты» (АХШИ) 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінің базасында ашылды[1][2].
Алғашқы жылдары институт күндізгі және сырттай оқыту формасына ие үш факультеттен тұрды: жоспарлау-экономикалық, есеп-экономикалық және қаржылық-несиелік. 1964 жылы АХШИ-де 10 мамандық бойынша аспирантура ашылды. 1973 жылға қарай оқытушылар саны 330ке жетті, 7 ғылым докторы болды, ал кандидаттықты 125 адам қорғады. Осы жылдар ішінде сол кездегі «Правда» көшесінде Студенттік жатақханалар кешені (1969 жылы), Оқу-зертханалық кешен, Дене шынықтыру кешені, «Молодежный» санаторий-профилакторийі және т.б.-лар пайдалануға берілді (1973-1974 жылдары) . Сонымен бір мезгілде институтта Жоғары экономикалық мектеп құрылды, онда жұмыс орнынан қол үзбей оқуға мүмкіндік болды. АХШИ-дің филиалдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында ашылды[3].
1967 және 1970 жылдары АХШИ студенттердің еңбегі, тұрмысы мен демалысын үздік ұйымдастыру бойынша Бүкілодақтық жарыстарда жеңімпаз атанды. 1972 жылы ол Республиканың 46 жоғары оқу орны арасында үздік деп танылып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан КП-ның ОК, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумі, Министрлер Кеңесі мен Қазақ КСР Кәсіподағының (Қазсовпроф) Естелік Қызыл Туымен марапатталды [4]. АХШИ-дің студенті Анатолий Назаренко классикалық күрестен 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды[4].
1982 жылы институт құрамында «Жоспарлық-жабдықтау», «Жоспарлы-экономикалық», «Есеп және экономикалық», «Қаржы-кредиттік» пен «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» факультеттері, кешкі оқыту, перспективалық жоспарлау және болжау кадрларын қайта даярлау жөніндегі факультеттер, дайындық бөлімшесі (курстар), еңбекті ғылыми ұйымдастыру және басқару бойынша тұрақты жұмыс істейтін курстар, Шымкент, Ақтөбе және Целиноград қалаларындағы филиалдар, аспирантура, 32 кафедра, Оқытудың техникалық құралдары зертханасы, кітапхана (471 мың том) жұмыс істеді. 1981-1982 оқу жылында институтта 10 мамандық бойынша 10 205 студент, 12 — 111 аспирант оқыды, 540 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторы, 218 доцент және ғылым кандидаты, 2 Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі, 2 Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері[5].
1991 жылы 8-шілдеде Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің ұсынысы бойынша Алматы халық шаруашылығы институты Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті болып қайта құрылды[6]. 1993 жылы 25-ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін Қазақ мемлекеттік басқару академиясына айналдыру туралы» Жарлық шығарды[7][8].
1994 жылы университетте «Экономика» баспасы және өзінің баспаханасы ашылды. 1996 жылы «ҚазМБА Хабаршысы» ғылыми журналының бірінші нөмірі шықты, алғашқы магистрант түлектер дүниеге келді. 1997 жылы Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы филиалдар базасында ҚазМБА Аймақтық оқу орталықтары құрылды, 1999 жылы Астанадағы филиал «Экономика және қаржы» институты болып қайта құрылды[9].
2000 жылдың 23-мамырында Қазақстан Үкіметінің Қаулысы бойынша ЖОО-ға Тұрар Рысқұловтың есімі берілді[10].
1995 жылдан бастап Еуропалық Одақ бағдарламасы шеңберінде ҚазМБА-ны әрі қарай мемлекет меншігінен алуды көздейтін ТАСИС шетелдік консультативтік көмек жобасын іске асыру басталды[11]. 2001 жылдың 2-сәуірінде Үкіметтің Қаулысы бойынша ЖОО жекешелендіру және әрі қарай мемлекет меншігінен алу үшін «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды[12].
2001 жылдың соңына дейін ЖОО-ның 100% акциясы жеке меншікке берілді[13], 2002 жылы «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ЖАҚ («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ААҚ болып қайта құрылды[14].
2008 жылы ЖОО жанынан Халықаралық бизнес мектебі (IBS) ашылды[15]. 2010 жылы университет Еуропалық білім беру кеңістігіне кіріп, Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды[16].
2011-2013 жылдары Қызылорда, Атырау, Шымкент, Павлодар, Семей қалаларында Аймақтық Қашықтан оқыту орталықтары ашылды [16].
2014 жылғы 3-желтоқсанда университет ребрендинг рәсімінен өтіп, «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ болып өзгертілді [18].
2016 жылы Университет өз атауын «Нархоз университеті» АҚ деп өзгертті[17].
2016-2021 жылдары университетті шетелдік келесі ректорлар басқарды: Кшиштоф Рыбинский (Польша), Эндрю Вахтель (АҚШ), Станислав Буянский (Ресей, АҚШ). Білім беру және ғылыми қызметтің құрылымы мен мазмұнын жаңғырта отырып, Нархозды заманауи бәсекелестік университетке айналдыру процесі туралы мәлімделді. Атап айтқанда, жаңа факультеттер, кафедралар құрылды, бірқатар ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары құрылды[18]. 2020 жылдан бастап Университетте қос диплом бағдарламасы енгізілді[19].
2020 жылғы 13-наурызда «Коммерциялық емес акционерлік қоғам» мәртебесін беру жолымен Нархоз университетін мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған қоғамды коммерциялық ұйымға айналдыру мүмкін емес, ал алынған табыс тек даму, инфрақұрылым мен академиялық процесті жақсартуға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқытушылардың кәсіби дамуын арттыруға бағытталады.
2020 жылдың қарашасында ректор С. Г. Буянский: «2021 жылы Университеттің ұйымдық құрылымы батыстық типтегі модернизациядан өтеді, ректор лауазымы жойылып, Президент пен провост арасындағы өкілеттіктер бөлінеді», - деп мәлімдеді[20].
2023 жылдың мамыр айында Нархоз университеті блокчейн-технология негізінде NFT-дипломдар платформасын құру жөніндегі жобаны іске қосатынын жариялады[21].
2024 жылғы жағдай бойынша Университетте 34 бакалавриат бағдарламасы[22], 29 магистратура бағдарламасы және 8 докторантура бағдарламасы бойынша сабақ жүргізіледі.
Рейтинг | Жыл | Позиция |
---|---|---|
Университеттер рейтингі QS EECA 2020 | 2020[23] | 251-300 |
QS World University университеттерінің рейтингі Rankings: Sustainability (Governance) | 2023[24] | 306 |
QS World University университеттерінің рейтингі Rankings: Sustainability (Environmental sustainability) | 2023[25] | 413 |
QS World University университеттерінің рейтингі Rankings: Sustainability (Equality) | 2023[26] | 770 |
QS Stars рейтингтік жүйесі 2023 | 2023[27] | 4 жұлдыз |
Rankings 2023: Орталық Азия 2023 | 2023[28] | Азияда — 451-500, Орталық Азияда — 23. |
Университеттердің тұрақтылық рейтингі UI GreenMetric | 2023[29] | 730 |
«Атамекен» ҰКП өткізген ЖОО-лар білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингі | 2023[30] | Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жеке ЖОО-лар рейтингінде 1-орын |
Академиялық адалдық лигасының рейтингі 2024 | 2024[31] | 1 орын |
QS World University университеттерінің рейтингі Rankings 2025 | 2024[32] | 1001-1200 |
Университеттер рейтингі Times Higher Education | 2024[33] | 1001-1500 |
Бүгінгі таңда Нархоз университетінің білім беру бағдарламаларының әр түрлі формаларын ұсынатын 70-тен астам халықаралық серіктестері бар[43]. Нархоз студенттерінің қос диплом, ERASMUS+, академиялық ұтқырлық, жазғы және қысқы мектептер бағдарламалары бойынша үш құрлықтың (континенттің) 23 еліне шетелге шығу мүмкіндігі бар[44].
Ел | Университет | Білім беру бағдарламасы |
---|---|---|
Ұлыбритания | Queen's University Belfast | Қос диплом |
Литва | Mykolas Romeris университеті | Қос диплом |
Франция | La Rochelle Université | Қос диплом |
АҚШ | Пенн мемлекеттік университеті | Қос диплом |
Германия | Hof University of Applied Sciences | Қос диплом |
Университеттің негізгі кампусы Алматы қаласының Жандосов көшесі бойында, ал екіншісі 1-микроауданда орналасқан. Нархоз университетінің Жандосов көшесіндегі кампусының аумағы қоғамдық қолжетімділікке ие. Қасбеттің (фасад) алдында саябақ бар, субұрқақ (фонтан) жұмыс істейді, Жапон бағына ие. Кампустың ішінде шағын алаң бар.
Жандосов көшесіндегі кампус аумағында стадион, спорт орталығы, GRANDPOOL фитнес-орталығы, әскери кафедра орналасқан.
2020 жылы Басшылық бас ғимаратты 2022 жылға дейін қайта құрудың басталғаны туралы жария етті [20].
2022 жылы Университет жаңа кампусының қайта құрудан кейінгі салтанатты ашылуы өтті [44]. Кампус 26 IT-зертхана, 112 аудитория мен 115 ашық кеңістік жұмыс аймағына ие. Шетелдік студенттер үшін жеке офис қарастырылған – Welcome center [45].
2023 жылы жаңа студенттік жатақхананың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жатақхананың құрылысы 2024 жылы аяқталды. Бұл 424 орынға арналған жалпы ауданы 8700 м² болатын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешені. Студенттер үшін жеке жуынатын бөлмелері мен душтары бар үш адамға арналған бөлмелер, климаттық бақылау жүйесі мен тұрмыстық техникасы бар. Жеке кір жуатын бөлме, сонымен қатар әр қабатта ас үй мен жұмыс орындары, бірінші қабатта дүкен, кофехана, шаштараз, медициналық пункт, төбесінде жасыл терраса бар[45].
2021— 2024 — Мирас Мұхтарұлы Дәуленов.
2024 — қ. у — Қожахмет Қанат Темірғалыұлы[46].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.