From Wikipedia, the free encyclopedia
Намаздыгер намазының парыздан бұрын оқылатын төрт рәкат сүннеті - мүәккад болмаған сүннет. Мұның әрбір екі рәкаты өз алдына жеке намаз секілді. Сондықтан бұл намазды бастарда адам намаздыгер намазының төрт рәкатына ниет етеді де, алғашқы екі рәкаттан кейін отырып, «әт- тахият» пен «салауатты» оқиды. Яғни, бұл жерде дұға оқылмайды. Міне, осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп, қайта үшінші рәкатқа бастайды. Бұл үшінші рәкатты бастарда намазды жаңадан бастағандай етіп, алдымен «субханака», «әуз'у мен бисмиллаһ», одан кейін «Фатиха» және қосымша сүре оқып, рүкүғ пен сәждеге барады. Бұдан кейін тәкбір айтып, төртінші рәкатты бастайды. Рүкүғ пен сәждеден кейін отырып, «әт-тахият», «салауат», дұға оқып, екі жаққа сәлем береді. Намаздыгер намазының төрт рәкат парызы дәл бесін намазының төрт рәкат парызы секілді оқылады. Айырмашылық - намаздыгер намазына ниет ету. Бұл намаз құпия оқылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.