өзбек поэтессасы From Wikipedia, the free encyclopedia
Моһларойим Надира (өзб. Моҳларойим Нодира, лақап аттары — Комила, Макнуна; 1792 жыл, Әндіжан – 1842 жыл, Қоқан) — өзбек жазушысы, Өзбек әдебиетінің классигі, 10,000 жолдан көп шығармалар авторы[1], Қоқан хандығының билеушісі Омар ханның әйелі.
Мохларойим Надира | |
өзб. Mohlaroyim Nodira / Моҳларойим Нодира | |
Лақап аты |
Комила, Макнуна |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ұлты | |
Мансабы |
поэтесса, қоғам қайраткері және жазушы |
Шығармалардың тілі | |
Ортаққордағы санаты: Мохларойим Надира |
Надира Қоқан хандығын 1810 жылдан 1822 жылы қайтыс болғанына дейін билеген Мұхаммед Омар ханның әйелі болды. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Надира Қоқанның іс жүзіндегі билеушісі болды, өйткені оның ұлы Мұхаммед Әли хан хан тағына отырғанда жасөспірім еді. Жазушы болған Надира шығармаларын өзбек және парсы тілдерінде жазған.
Надира ұлына біршама либералдық құндылықтарды сіңіруге тырысқанына қарамастан, хан болған Мадалы қарсылас Бұхара әмірлігімен соғысқа әкелетін экспансионистік саясатты қолданатын. Надираның поэзиясы ғұламалар тарапынан қолдау алмаған және «орынсыз» деп танылатын, шығармалары табу тақырыптарды қозғайтын, соның ішінде әйелдердің қоғамдағы рөлі де баяндалатын.[2]
Ол 1842 жылы сәуірде Бұхара ханы Насрулланың бұйрығымен Қоқан-Бұхара соғысы кезінде ұлымен бірге дарға асылды. Насрулланың оған тұрмысқа шығудан бас тартқанына ашуланғаны жайлы деректер де бар, басқа деректерде оған шариғат заңына бағынбады деген айып тағылды деп айтылады.[3][4][5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.