From Wikipedia, the free encyclopedia
Мәсіх тарту - дәрет алған адам егер аяғында мәсісі болса, аяқты жуудың орнына мәсісінің үстіне мәсіх тартады. Мәсіх тарту - аяқтың ұшынан жоғары қарай су қолымен сүрту. Мәсіге мәсіх тарту мәселесі бізге Пайғамбарымыздан жеткен. Хазіреті Әли (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мәсісінің үстіне мәсіх тартқанын көргенін айтады (Кәсәни 1/12). Сафуан ибн Ассал (р.а.): «Аллаһ Елшісі бізге дәрет алып, мәсі киген кезімізде егер жолаушы болсақ үш күн, тұрғын болсақ бір күн, бір түн бойы мәсіх тартуымызды және мейлі кіші, мейлі үлкен дәрет үшін оны шығарудың қажеті жоқ екенін, тек қана жүніп болған кезде шығаруымызды әмір етті». Мәсіге мәсіх тартудың парыз болған мөлшері әр аяқтың алдыңғы жағындағы мәсінің үстіне қолдың үш саусағының ені және ұзындығының өлшеміндей. Ал мәсіхті саусақтарын ашық ұстап, аяқ саусақтарынан жоғары қарай қонышына дейін тарту - сүннет. Муғира ибн Шуғбә (р.а.): «Аллаһ Елшісі мәсіге мәсіх етті. Оң қолын - оң мәсісінің үстіне, сол қолын - сол мәсісінің үстіне қойып, жоғары қарай бір рет мәсіх тартты». Сонымен қатар мәсіге су төгу, ылғал матамен сүрту және мәсінің еніне қарай яки қонышынан бастап сүртуге де болады. Бірақ бұл сүннетке теріс нәрсе. Мәсінің табанына мәсіх етілмейді.
Денеде бір мүше сынып немесе жараланып жуу зиян беретін болса, сол жараға оралған матаға дәрет пен ғұсыл алған кезде жәй ғана бір рет мәсіх тартылады. Егер бұл да зиян беретін болса, мәсіх тартылмайды. Бұл тұрғыда Хазіреті Әли: «Білегім сынған еді. Аллаһ Елшісінен (с.а.у.) сұрағанымда таңғыштың үстіне мәсіх тартуымды айтты», - дейді. Басынан жараланған бір адамның ғұсыл алып соңынан өліп кеткенін естіген Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Тәйәммүм етіп, жарасын орағышпен байлағаннан кейін сол жерге мәсіх тартып, денесінің қалған жерлерін жууы оған жетер еді», - деген.
Ислам діні - адамға ауырлық жүктемейді. Сол себепті зәрулік - харамды халал етеді. Жараға су тисе, асқынып кететіндіктен, тек мәсіх тарту жеткілікті. Таңғыштың басым көпшілігіне бір рет мәсіх етіледі. Оның барлығына мәсіх тартып, тіпті қайта-қайта тартып жатудың қажеті жоқ. Сол сияқты бір орауышқа мәсіх тартылғаннан кейін, үстіне басқа бір мата таңылса да қайта тартудың қажеті жоқ. Жара жазылмай тұрып орауыш айтылса, мұндай жағдайда да мәсіх тарту ісі бұзылмайды. Жара жазылғанда мәсіх жарамсыз. Орауышқа мәсіх тарту, дәрет алған адамның дәреті бұзылғанда мәсіх те бұзылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.