From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұғалжар Мыс Кенді Белдеуі– Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында орналасқан кенді өңір. Мұғалжар атырабында көптеген мыс кентастар белгілерінің бар екендігі ертеден белгілі. Аралша, Авангард, т.б. мыс-колчеданды кентастар кендерінің ашылуы Мұғалжарды жаңа мысты аймақ қатарына жатқызды. Ең басты кендер негізінен Тагил-Магнитогор белдемінің (Оралдың бас мыс-колчедан белдеуі) оңт. жалғасы саналатын жасыл тасты синклинорийлік белдемнің солт-нде орналасқан. Колчедандық кендер мен кентастар белгілері, базальтоидтық вулканизмнің бастапқы сатылары кеңінен тараған және олардың әр түрлі жыныстары бір-бірінен күрт өзгеше келетін немесе тетелес жіктелген формациялар құрайтын геосинклинальдық ойпаңдарда (синклинорийлерде) орналасқан. Жанартаутектік формациялар ішіндегі кендер субмеридиандық және көлденең жарылыстар белдемдерінің қиылысқан немесе бір-біріне түйіскен жеке телімдерінде (кентас түйіндерінде) шоғырланған. Мұндай түйіндер вулканиттердің көмейлік және субжанартаулық фациялардың дамуымен сипатталады. Синклинорийлік кұрылымдардың геотектоник. дамуымен байланысты эффузиялық магматизмнің солт-тен оңт-ке, батыстан шығысқа қарай жылжуы силурдан (Сакмара белдемі) карбонға (Ырғыз белдемі) дейін, жасы әр түрлі колчедандық кендердің пайда болуына қолайлы жағдай жасады. Колчедандық кентас жаралуымен тығыз байланысты аймақтық жасыл тастық метаморфизм күшінің төмендеуі де осы бағытта байқалады. Осы белдемді солт-ке қарай Ортаңғы Ор, Біршоғыр, Сакмара белдемін Кеңтоғай, Қосестек, Қарғалы, Ырғыз белдемін Қиялыкөл-Қарақұм, Бақсай сияқты кенді аудандарға бөлуге болады.
“Қазақ энциклопедиясы – VI том”
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.