From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұхиттану, океанология – Дүниежүзілік мұхиттағы табиғи процестерді зерттейтін ғылым.[1]
Дүниежүзілік мұхитты гидросфераның бір бөлігі ретінде әрі физика, химия, геология, биология, т.б. процестер бір-бірімен өзара күрделі байланыста өтіп жататын атмосферамен, литосферамен, құрылықтық ағын сулармен әрекеттесетін біртұтас планетааралық табиғи нысан ретінде қарастырады. Мұхиттанудың басты мәселесі – мұхит табиғаты заңдылықтарының біртұтастығын анықтау. Оны танудың методологиялық негізі – мұхит суындағы, сондай-ақ сулар мен оларға шектесіп жатқан орта арасындағы трансформацияны, энергия және зат алмасуды зерттейді. Мұхиттану судың тереңдігін, темп-расын, тұздылығын, ағысын, толқынын, түсін және мөлдірлігін, мұхит суы құрамындағы хим. заттар мен олардың қосылыстарының мөлшерін, әр түрлі биология және басқа да көрсеткіштерді өлшеудің нақты мәліметтеріне, физиканың, математиканың, химияның, биологияның теория тұжырымдарына сүйенеді, жүйелі талдау әдісін қолданады, электронды-есептеу техникасын пайдаланады. Мұхиттанудың маңызды қолданбалы мәселесі – халық шаруашылығының теңіздік салаларын ғылымның соңғы жетістіктерімен қамтамасыз ету, мұхиттың астында және үстінде жүзетін кемелердің қауіпсіздігіне кепілдік беру, судың және мұхит түбінің биологиялық шикізат қорларын пайдалану, ауа райын болжауды жетілдірудің әдістері, т.б. М. бірнеше бағытты біріктіретін кешенді ғылым, оның әрқайсысы мұхит табиғатының белгілі бір құбылыстарын зерттейді.[2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.