From Wikipedia, the free encyclopedia
Көшеге мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың белгілі драматургі, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың есімі (Алматы қаласының мәслихатының 24.12.2003 № 26 шешімі мен Алматы қаласы әкімшілігінің 26.12.2003 № 5/764 қаулысы) берілген. Мұхамеджанов Қалтай (1928-2001) Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында шіркейлі елді мекенінде дүниеге келген. Ол Қазақстанның Мемлекеттік кино комитетінде бас редактор, Қазақстан Жазушылар Одағының екінші хатшысы, «Ара»-«Шмель» журналының бас редакторы, «Заман-Қазақстан», «Түркістан» газеттерінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Бұрынғы атауы - 3-ші көше. Көше Әуезов ауданында орналасқан. Бейсембаев көшесінен басталып, Нұрмаханов көшесіне дейін созылып жатыр. Тимов, Жантөрин, Абдраманов көшелерін қиып өтеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.