Мұртты шымшық – қамысты жерлерде тіршілік ететін торғай тектес кішкентай құс. Бұл әдемі құстың ұзындығы 10 см-дей, салмағы 15 – 18 г, құйрығы ұзын және сары түсті болады. Қоңырау сыңғырына ұқсас әдемі нәзік дауысы бар. Ұяларын қалың қамыс араларына бір-біріне жақын орналастырып салады. Дәндермен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Мұртты шымшықтар Қазақстанның шөлді аймақтарында мекендейді.[1]
Мұртты шымшық (Panurus biarmicus)- шағын денелі 12-17 г, ұзын құйрықты құс. Мұртты шымшықтың реңі сарғыштау бозғылт қоңырқай қамыстың кепкен жапырағы түстес болып келеді. Қамыс нуында мекендейтін басқа құстардан мұртты шымшықты кертештелген ұзын құйрығы мен өзіне тән реңі бойынша оңай ажыратуға болады. Оған қоса ересек аталықтардың тұмсығы мен көзінен төмен қарай созылған ұзын сына тәрізді қара қауырсындардан пайда болған "мұртты" көзге бірден шалынады, бұл құсты көзтартарлықтай етеді.
Қазақстандық құстар білгірі, проффессор И.А. Долгушин оны былай деп сипаттайды: мұртты шымшық сарғыш реңімен көріксіз тәрізденгеніне қарамастан - біздің құстардың ең әдемілерінің бірі. Жабын қауырсандарының айқын реңктері әсіресе үйлесімді де, ғажап жағымды. Бұған қоса оның барлық қимылдарының икем де әдемілігін қосуға болады, ал қылығы әрекетшіл, әрқашан сергек, ширақ және әлдеқалай көңілді... Мұртты шымшық үйінді қамыс пен қамыс түбіндегі суланған жерлермен өрмелей жүріп, құйрығын жинастырып, жоғары көтереді де, абайлап жүріп немесе суға малшынып қалмау үшін өсімдік сабақтарын бойлай аттап өтеді. Құрғақ жерлермен- құмдауыт және кепкен ылаймен ұсақ қадамдап жүреді, жүгіреді немесе қарғып өтеді. Серіппеше секіргенде едәуір алысқа ырғуы мүмкін. Мұртты шымшықтардың жерден жем іздегендегі амалы тым ғажап, тауықтарша топырақты қопарды, алайда олардың шеберлігі мен тәсілдері мүлде ерекше.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.