Йемендік мұсылман ғұлама, мухаддис. From Wikipedia, the free encyclopedia
Муқбиль ибн Һади ибн Муқбиль ибн Қаида әл-Һамдани әл-Уәдии (араб.: مقبل بن هادي بن مقبل بن قائدة الهمداني الوادعي) — (1932-2001) Әли Рашид руынан шыққан белгілі мухаддис ғалым, Йемендегі сәләфия дағуатының жандандырушысы және белсенді қайраткері. Коммунистерге, сопылыққа, шиит-рафидиттерге қарсы болып, осы ағымдарды жою мақсатында көп еңбек еткен Ислам ғұламасы. Туған қаласы Даммаджда "Дар әл-Хадис" деп аталып кеткен оқу ордасын құрып, Ислами сенім, фиқһ, хадис және т.б. шариғат ғылымдарына арналған көптеген еңбек жазған.
Муқбиль ибн Һади әл-Уадии | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Даммадж, Йемен |
Қайтыс болған күні | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Ғылыми дәрежесі |
Шариғат ғалымы |
Альма-матер |
Меккедегі әл-Харам мешітінің Институты; Медине Ислам Университеті |
Ғылыми жетекші |
Шейх Ибн Баз, Мұхаммед Насыруддин әл-Альбани |
Атақты шәкірттері |
Шейх Йахйа әл-Хаджурри, шейх Мұхаммед әл-Уассаби, шейх Мұхаммед әл-Имам |
Несімен белгілі |
«әл-Джамиғ әс-сахих мимма ләйсә фи сахихайн» кітабы |
Сайты |
Шейх Муқбиль бастапқыда өз ауылындағы Һади мешітінде бастауыш оқуын бітіреді. Алайда жергілікті имамдар мен ұстаздар шииттік және мутазилиттік көзқарастарды ұстанғасын, ол олардан көбінесе араб тілін оқумен болады. Йеменде патшалық үкіметтің жақтастары мен қарсыластары арасында болған азаматтық соғыс басталғаннан кейін шейхтің отбасы Наджранға көшуге мәжбүр болады. Содан кейін шейх Муқбиль білім алу үшін Сауд Арабиясына барып Мекке қаласында жұмыс істеп, бос уақытында білім талап қылады. Меккедегі әл-Харам мешітінде 6 жыл оқып, "Булуғ әл-марам", "Фатх әл-маджид", Ибн Кәсир "Тәпсірін", "Субул әс-сәләм", "Сахих әл-Бұхари", "Сахих Муслим", "Тухфат әс-сәния" және т.б. кітаптарын ұстаздардан өтеді. Меккедегі оқуын бітіргеннен кейін шейх Муқбиль Медине қаласындағы Ислам университетінің Дін Негіздері факультетіне түсіп, сонымен қатар Шариғат факультетіне де оқуға түседі. Осы университетте хадис пәнінен магистрлік атақты да алып шығады.[1][2]
Шейх Муқбиль өзінің ғұмырында көптеген ғалымардан сабақ алған.
Шейх Муқбиль Йеменде "Дар әл-хадис" атанып кеткен білім ордасын құрып, өзінен кейін өзінің ісін әлі күнге шейін жалғастырып келе жатқан көптеген шәкірт қалдырып кетті. Олардың ең атақтылары:
және т.б. хадис, ақида, сүннет, фиқһ мәселелеріне арналған кітаптар мен хадис жинақтары[4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.