Мим

From Wikipedia, the free encyclopedia

Мим

Мим (гр. mіmos – еліктеуші, еліктеу) –

  1. Антикалық театрдағы тұрмыстық және сатиралық мазмұндағы қысқа сахналық көріністер. Ежелгі Грекияда (б.з.б. 5 ғасыр) суырыпсалмалық халық драмасы ретінде пайда болды. Әкелі - балалы ақындар Софрон мен Ксенархтың шығармалары гректік Мимге әдеби түр берді. Эллинизм дәуірінде (б.з.б. 4 – 3 ғасырлар) Мим Таяу Шығыстағы атақты грек мимографтары Герод пен Сотадтың шығармаларында көрініс тапты. Мим кейіпкерлері көбінесе құлдар, гетералар болды. Мим ойын - сауығында өлең қара сөзбен алмасып, диалог түрінде келіп, ән мен би де орындалды. Сонымен бірге, Мимнің әсері орта ғасырдағы фарстарда және италиялық дель арте комедиясында байқалды.[1]
  2. Мимді орындаушы актер немесе актриса. Олар туралы мағлұматтар ежелгі авторлардың жазбаларында, құмыра кескіндемесінде кездеседі. Қазіргі театрда пантомима орындаушы актерлерді кейде Мим деп атайды.[2]

Сілтемелер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақ энциклопедиясы, 6 том
мим Михаил Савояровъ

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.