From Wikipedia, the free encyclopedia
Микропроцессор — жүйелік тақтаның (аналық тақшаның) ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.[1]
Microprocessor | |
Табыстың күн-айы: | Late 1960s/Early 1970s (see article for explanation) |
Жалғануы:
| |
Architectures: | PowerPC, x86, x86-64, and many others (see below, and article) |
Өндірушілер: | AMD, Analog Devices, Atmel, Cypress, Fairchild, Fujitsu, Hitachi, IBM, Infineon, Intel, Intersil, ITT, Maxim, Microchip, Mitsubishi, Mostek, Motorola, National, NEC, NXP, OKI, Renesas, Samsung, Sharp, Siemens, Signetics, STM, Synertek, Texas, Toshiba, TSMC, UMC, Winbond, Zilog, and others. |
Бірінші бір кристалды микропроцессор 1971 жылы Intel корпорациясында жасалған Intel 4004 болып табылады. Intel-дің үш инженері: Тэд Хофф, Федерико Фаджин және Стэн Мэйзор компьютердің барлық құрушыларын, орталық процессор, сақтау, енгізу-шығару құрылғыларын қоса есептегенде бір кішкентай чипке орналастырды. Оның ені - 3 милиметр, ал ұзындығы - 4 милиметр, ол 2 300 МОЖ (металл-оксид-жартылай өткізгіштер) транзисторлардан тұрады. Intel 4004 есептеу қуаттылығы 1946 жылы бір бөлмені алатындай көлемде жасалған бірінші электрондық компьютер ENIAC-тың қуатындай болды. Микропроцессорлар микрокомпьютерлерде, қаруларда, тұрмыстық құралдарда қолданылады.
Микропроцессор бір мезгілде қатарынан 8, 16 немесе 32 биттік деректерді өңдей алады. 8 биттік процессор бір мезгілде небары бір бит дерекпен ғана жұмыс істей алады. 16 биттік процессор бір мезгілде 2 байт, ал 32 биттік процессор — 4 байт өңдейді.
Жалпы алғанда 16 биттік компьютер 8 биттік жүйеден жылдамдырақ жұмыс істейді, ал 32 биттік компьютер 8 және 16 биттік үлгілерден жылдамырақ. Микропроцессор, жады және периферия құрылғылардың арасында дерек беру үрдісі шина арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы процессорлардың көпшілігінде 32 биттік шина қолданылады, яғни бір мезетте 32 биттік дерек беруге болады. 64 биттік шиналы компьютер де болады, бірақ олар әлі кең тарай қойған жоқ.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.