Метанол
From Wikipedia, the free encyclopedia
Метанол, метил спирті, ағаш спирті, CH3OH – иісі этил спиртінің иісіне ұқсас, түссіз сұйықтық;


тығыздығы: 0,7924 г/см3 (20 °C-та),
балқу температурасы: –97.9 °C,
қайнау температурасы: 64.5 °C.
Сумен (кез келген қатынаста), спиртпен, бензолмен, ацетонмен және басқа органикалық еріткіштермен оңай араласады. Метанол синтез-газдан катализдік реакция арқылы алынады. Формальдегид, сірке қышқылы, әр түрлі эфирлер алуда, бояғыш заттар мен дәрілік заттарды ерітуде, отынға қоспа ретінде қолданылады. Метанол жүйке және тамыр жүйесіне әсер ететін улы зат болып табылады. [1][2]
Қолданылуы
- Автокөлік радиаторларында антифриз ретінде пайдаланады.
- Автокөлік құралдарында оны бензиннің орнына қолданады.
- Формальдегид алуда пайдаланады.
- Лак және бояу жасау өндірісінде еріткіш ретінде қолданады.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.