Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Меншік салығы (ағылш. property tax) - шынайы меншікке (жер мен мекеме) және кейбір құзыретке сәйкес – жеке меншікке, мысалы, автокөлікке, асыл тастарға, жиһазға салынатын салық. Кейбір елдерде фермерлік құрал-жабдықтары, өнеркәсіп жабдықтары мен оның бөлшектері сияқты меншік түрлеріне салық салынады, сонымен қатар акция, облигация сияқты болмашы активтерге де салық салынады. Меншік салығын әдетте жергілікті билік пен билік штатындағы органдар салады және сол жер салық түсетін негізгі орын болып саналады. Меншік салығы ежелгі дәуірден келе жатыр, ол кезеңде жер салығы деп аталған кейін шаруа үйіне, малға, т.б. салынатын салық болып көбейген. Меншік салығын басқарудан меншіктің салық салуға жататынын анықтау үшін оларды бірегейлендіру, оның бағасын шығару, тиісілі салық мөлшерін анықтау, төленген ақша сомасын жинау талап етіледі. Кейде бұл салықтар кедей отбасылары үшін ауыр болады, ал жалпы алғанда бай, табысы жоғары топтардан түсетін салықтың мөлшеріне шаққанда жағдайы төмен отбасылардан алынатын салық әлде қайта төмен болады. себебі, бай отбасылар негізінен мектепте білім алуға және басқа қызметтер үшін жиі төлейді.
Салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
1. Мыналар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
1) мерзімді қызметті өткеру (оқу) кезеңіндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;
2) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаҺарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер;
4) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
5) он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
6) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.