Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Медғат-Қасым – Мағауия Абайұлы Құнанбаевтің қазақтан жырақ жердегі, яғни Африкада мекендеген адам қауымын реалистік шындық тұрғысынан көрсететін поэмасы.[1]
«Медғат-Қасым» - Мағауия поэмаларының ішіндегі көркемдік тұрғысынан биік шығарма. Оның оқиғасы қазақтың тұрмыс-салтымен байланыстырыла емес, Африка жерінде, Ніл өзені бойында өтеді. Шығарма желісі құл иеленушілер мен құлдардың арасындағы кек күресінен алынады. Шығармада Мұрат деген байдың баю мақсатымен Мысыр қаласынан Ніл өзені бойына көшіп келгені әңгімеленеді. Оның Медғат атты ұлы, Ғазиза атты қызы болады. Оларға қоса Мария атты асырап алған қызы қатысады. Поэмада жеке көріністердің өмір шындығына жанасымды суреттері бола тұрса да, шығарма негізінен романтизм үлгісінде жазылған. Оқиға желісі де, кейіпкерлерге тән іс-әрекет, сезім күйі де соған ыңғайластырылады. Кейіпкерлерді дағдыдан тыс жағдайларға тап еткен, әрекет пен мінез-құлықтағы төтенше қаһармандық ерлікке бастайтын түйін есебінде шығармада Медғат пен Қасым арасындағы кек және Ғазиза мен Сәлімнің махаббаты алынады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.