Массалар центрі

From Wikipedia, the free encyclopedia

Массалар центрі, ауырлық центрі - дене қимылын немесе бөлшектердiң жүйесін сипаттайтын геометриялық нүкте; қатты дененің кеңістіктегі кез келген жағдайында оның бөлшегіне әсер ететін барлық ауырлық күштерінің қорытқы күші өтетін қатты денемен өзгеріссіз байланысты нүкте.[1]

Теоремалар

Массалар центрінің қозғалысы туралы теорема - жүйенің массалар центрінің қозғалысы, массасы жүйедегі барлық нүктелер массаларының қосындысына тең және жүйеге әсер ететін сыртқы күштердің әсерінен қозғалатын материялық нүктенің қозғалысындай.[1]

Механикалық жүйенің массаларының центрі

Механикалық жүйенің массаларының центрі - геометриялық нүкте, механикалық жүйені құрайтын барлық материялық нүктелердің массасын осы нүктелердін сол геометриялық нүкте арқылы өтетін радиус-векторларына кебейтіндісінің қосындысы нольге тең болатын.[1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.