From Wikipedia, the free encyclopedia
Мале (мальд. މާލެ) — Мальдив Республикасының астанасы әрі ең халқы тығыз қаласы. Мале және Вилингиле аралдарында орналасқан. Бастапқыда Мале патшалық арал болған, мұнда ежелгі мальдив патшалар әулеттерінің сарайлары орналасқан.
Қала | |
Мале | |
мальд. މާލެ | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Басшысы |
Шифа Мохаммед |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
4°10′31″ с. е. 73°30′32″ ш. б.4.17528° с. е. 73.50889° ш. б. (G) (O) (Я) |
Жер аумағы |
6,8 км² |
Орталығының биiктігі |
2 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
133 019 адам (2014) |
Тығыздығы |
19 562 адам/км² |
Мале шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Мале |
Бұрын қала керегелермен қоршалған. Патшалық сарай әдемі форттармен, бастиондармен бірге Насыр Ибраһим президенті келгенде, монархиядан бас тартылғанда, жойылған.
Соңғы жылдар топырақ суды толтыру технологиясы негізінде қала аумағы кеңейтілді.
Қала аты санскрит тілінде «үлкен», «зор» дегенді білдіретін महालय (Mahaalay) деген сөзден шыққан. Әдетте «Mahaalay» деп сарайды атаған, содан бұл есім қалағада ауысты.
Қала атолла Каафу атты 1,8 км² (батысындағы кеңейтілген аумақты қосқанда) аралда орналасқан.
Қала 6 ауданнан тұрады, олардың төртеуі Мале аралында, бесіншісі — Вилингиле аралында, ал алтыншысы жасанды арал Хулумаледе ораналасқан. Вилингиле аралында бұрын түрме болған, ал қазір қаланың ірі саяжай ауданы.
Сонымен қатар Хулуле аралында орналасқан Мале халықаралық әуежайыда қалаға кіреді .
Маледе тұщы су жоқтың қасы, сондықтан оны жер асты суларын тұщыландыру арқылы алады. Қолданылған су тазартусыз мұхит суына тікелей құйылады. Қатты қалдықтар көршілес аралдарға лагуналарды толтыруға жеткізіледі. Электроқуат дизельдік генераторлар арқылы өндіріледі.
Туризм саласы Мальдив елінің ЖҮӨ 28% қамтыса, Мале қаласы соның ішінде ерекше орын алады. Елдің негізгі орталығы Maлé балқы экономикалық іскерлік орталығы. Мальдив әуе жолдары компаниясы бас кеңсесі Maлéде орын тепкен[1] as does the airline FlyMe.[2]
Халқы— 104 403 адам. (2006).
Қаладағы көптеген такси қызметі қаланың кез келген жеріне 15-20 руфийге жеткізеді. Қала жанында аэропорт бар.
Мале субэкваторлық белдеуде орналасқандықтан климаты екі маусыммен сипатталады: жауын маусымы және құрғақ маусым. Жауын-шашынды маусым мамырдан желтоқсанға дейін болса, құрғақ маусымы қалған төрт айға келеді. Температура жыл бойы 1-2 °C ғана өзеріп шамамен 25-30 °C аралығында.
Maлé ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел |
Телефон және ұялы байланыс қызметін мальдивтік телекоммуникациялық Dhiraagu компаниясы атқарады. GSM ұялы байланысын екі оператор — Dhiraagu және Wataniyya Telecoms ұсынады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.