From Wikipedia, the free encyclopedia
Маконде — Танзанияның оңтүстік-шығысындағы және Мозамбиктің солтүстік-шығысындағы банту тобының халқы.[1] Танзаниядағы халық саны 1,2 млн. адам, Мозамбикте шамамен 400 мың адам (2009, бағалау).[2]
Маконде | |
Вамаконде | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,6 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Танзания |
1,2 млн. |
Мозамбик |
400 000 |
Тілдері | |
маконда тілі | |
Діні | |
суннизм, христиандық, дәстүрлі наным-сенімдер |
Тілі - маконда тілі, банту тілдер отбасының шығыс тобына жатады.[3]
Маконденің көпшілігінің діні - сунниттік ислам, айтарлықтай бөлігі христиандар дінін немесе дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады.[4]
Маконде африкалық, араб және еуропалық құл саудагерлеріне сәтті қарсы тұрды. Олар 1920 жылдарға дейін отарлық тәуелділікке түспеді. Алайда 19 ғасырдың аяғында Танзанияның 19 тайпасының көсемдері Германиямен протекторат шартын жасады. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде ағылшындар Танганьика мен Занзибарда билікке ие болды.
1960 жылы Танзания Маконде ұйымдастырған революция нәтижесінде тәуелсіздік алды. Мозамбикте мадонда португалдық отаршылдық билігіне қарсы тұрудағы рөліне байланысты ел саясатындағы ықпал көзі болып қала береді.[5]
Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, тәтті картоп, құмай, банан). Ағаштан ою (антропоморфтық бетперделер, ғұрыптық мүсіндер) дамыған. 1960 жылдары ерекше стиль (шетани) тарады. "Шетани" - Шығыс Африка мифологиясының рухы.[6]
Маконде дәстүрлі түрде матрилиналық қатынастар қоғамы болып табылады, онда балалар мен мұрагерлік мүлік әйелдер есебі бойынша өтеді. XX ғасырдың басына дейін инициациялар болды. Тістерді егеу, төменгі еріннің безендірілуі (пелеле) скарификациясымен сипатталады.
Дәстүрлі қоныстары шеңбер немесе түзу орналасқан. Тұрғын үйлері дөңгелек және төртбұрышты, төбесі шөппен немесе пальма жапырақтарымен жабылған. Астық қоймалары қадаларға салынған.[7]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.