From Wikipedia, the free encyclopedia
Мазер — өріс арқылы туындаған сәулелену көмегімен микротолқындарды күшейту; кванттық генераторлар мен АЖЖ диапазондагы кванттық күшейткіштерді көрсететін атау. М-ге сондай-ақ парамагниттік кванттық күшейткіштер, молекулалық генераторлар жатады.[1]“Мазер” (maser) термині ағылшынның мына сөздерінің бас әріптерінен құралған: Mіcrowave Amplіfіcatіon by Stіmulated Emіssіon of Radіatіon. Бұл сөздердің мағынасы: индукцияланған сәуле шығару арқылы микротолқындарды күшейту. Кванттық электрониканың негізгі приборларының бірі; алғашқы Мазерді (аммиак молекулаларының шоғында) 1954 — 55 ж. бір мезгілде Н.Г. Басов, А.М. Прохоров (КСРО) және Ч.Таунс (АҚШ) жасаған. Кейінірек Мазердің парамагнетик кристалда жұмыс істейтін түрлері жасалды. Мазер техникада (әсіресе, ғарыштық байланыстарда), физикалық зерттеулерде, сонымен қатар, жиіліктің кванттық стандарты ретінде қолданылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.