Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Луи Армстронг[2] (ағылш. Louis Daniel «Satchmo» Armstrong; 1901 жылдың 4 тамызында[3] туған, Жаңа Орлеан, Луизиана — 1971 жылдың 6 шілдесінде қайтыс болған, Нью-Йорк) — американдық джаз кернейші, вокалист және ансамбль басшысы (бэнд-лидер). Дюком Эллингтон, Чарли Паркер, Майлз Дэвис, Джон Колтрейн сияқты музыканттармен джаздың дамуына және бүкіл әлемде таңымал болуына қомақты үлесін қосты.
Луи Армстронг | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Louis Armstrong |
Толық аты |
Луи Дэниел Армстронг |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Белсенділік жылдары |
1914—1971 |
Мемлекет | |
Мамандықтары |
музыкант |
Аспаптары |
труба |
Жанрлары |
джаз, свинг, dixieland, traditional pop |
Лақап аттары |
Satchmo[1], Pops |
Louisarmstronghouse.org |
Луи (креолдық әдет бойынша осылай аталған), Жаңа Орлеанның ең кедей негрлік ауданда туған. Бейберекет жанұяда өскен (шешесі - кір жуушы, әкесі - күндеп істейтін жұмысшы). Бала әлі кішкентай болғанда әкесі жанұясын тастап кетті. Шешесі жезөкше болып, бала мен кіші қарындасы Беатрис құлшылық күндерін есте сақтаған, апасы Джозефина қол астына өтті. Біраз уақыттан кейін анасы Мэйэнн Луиді қайтарып алды, бірақ ешқашан балаға дұрыс назар аудармаған. 7 жасқа толғанда Армстронг Карнофски еврейлер жанұясымен өмір сүре бастайды.[4][5], недавно иммигрировавших в Америку из Литвы и пожалевших беспризорного мальчика[6]. Олар Сторивил деген бар, клубтарға, би залдарымен, жезөкшелер үйімен таңымал ауданда тұрған. Армстронг кішкентайынан бастап көмір тасып, газет сатып жұмыс істеген.
Армстронг ерте жасынан бастап далалық вокалды ансабльде ән айта бастады, барабанда ойнап бірнеше жыл ішінде есті қабілетін жақсы дамытып алды. Алғаш музыкалық білімін 1913 жылы түсті балаларға арналған «Уэйф’с Хоум» түзету лагерь-интернатта алды, ол лагерьге жаңа жылда пистолеттен атқаны үшін түседі (ол пистолетті анасының клиенті бір полисменнен ұрлап алады). Ол жерде тез арада үрмелі оркестрге қосылып, тамбурин, альтгорнде, корнетте ойнауды үйренеді. Оркестр сол уақытқа дәстүрлі репертуар ойнаған - марш, полька және танымал өлендер. Лагерьден шыққанда музыкант болуға бекінеді. Босанын, ол клубтарға барып жалға алған инструменттермен жергілікті оркестрлерде ойнай бастайды. Сол кездегі қаланың үздік корнетте ойнайтын музыкант болып саналған Кинг Оливер Луиді өз қарамағына алады, Армстронг оны өзінің нағыз ұстазы деп санаған. 1918 жылы Оливер Чикагоға кетіп, Армстронг беделді тромбоншы Кид Ори ансамбліне кіреді. Пол Домингес, Затти Синглтон, Альберт Николз, Барни Бигард және Луис Рассел секілді музыканттар ойнаған Оскар «Әке» Селестинның «Tuxedo Brass Band» ансамблінде ауық-ауық өнер көрсете бастайды.
Туған қаласының көшелерінде джаз парадтарға қатысады, Фэтс Мэрейблдың «Jazz-E-Sazz Band» тобында ойнайды. Ол топ Миссисипи бойымен жүзген параходтардағы дансингтерде ойнаған. Мэрейбл, кәсіпқой бэнд-лидер бола тұрып, жасөспірімге ноталық сауаттың негізін үйретіп, Армстронг мамандаған музыкант болады. Музыканттар арасында Сачмо лақап атқа ие бола бастайды - Satchel Mouth (ауыз-тері) ағылшын сөзінен қысқарту.
1922 жылы Оливерге екінші корнетист қажет болып, ол Армстронгты Чикагоға шақырады. Олар «Линкольн Гарденсте» (700 орынға арналған мейрамхана) «Creole Jazz Band» оркестрімен өнер көрсетеді. Бұл бэнд сол кездегі Чикагода ен джазда бэнд болған, сондықтан бұл бэндтегі жұмыс Луиге көп тәжірибе берді. Чикагода Оливердің «Креолдық джаз-бэнд» құрамында Армстронг өзінің алғашқы жазбаларын жасайды. 1924 жылы екінші рез ансамбльдегі пианист әйел Лил Хардинге үйленеді (бірінші әйелі Жаңа Орлеаннан сүйкімді жезөкше креолдық Дэйзи Паркер еді). Әйелінің кеңесінен кейін өзінің жеке мансабын бастайды. Армстронгтар Нью-Йоркке көшіп, Луи Флетчер Хендерсонның оркестріне жұмысқа тұрады. Осылай оған танымалдық келеді, джаз сүйушілері оның "ыстық" солосын тындау үшін жиі-жиі бэндке келіп тұрады. Сол кезге қарай Луи Арсмтронгтің өзіншіл стилі қалыптасады - жарқын, суырып салма және ойлап тапқыш.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.