From Wikipedia, the free encyclopedia
Лати (кутэ, тхо, ден, са, и пи, и то)[1] — Вьетнам аумағында тұратын, жалпы саны 6 мың адамнан тұратын халық.
Лати | |
кутэ, тхо ден, са, и пи, и то | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
6 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
лати тілі | |
Діні | |
дәстүрлі сенім |
Олар кадай тілдерінің бір бөлімі лати тілінде сөйлейді.[2]
Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенім.[3]
Негізгі кәсібі – суармалы егістік және қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, жүгері, мақта, индиго). Қолөнердің ішінде тоқыма тоқу және ауылшаруашылық құрал-саймандарын жасау дамыған.[4]
Әлеуметтік ұйымның негізгі формасы – көршілік қауымы. Отбасы шағын, неке патрилокальды, туыстық есеп рулық. Сороратқа (апалы-сіңілілерге үйленуге) рұқсат етіледі.[5]
Лати қоныстары шашыраңқы (әдетте тау етегінде) орналасқан. Тұрғын үйлері қадаларға, бір бөлігі жерде орналасқан, төртбұрышты, шатырлы.[6]
Ер адамдар сол жағында түймелері бар халат пен шалбар, әйелдер шалбар, түрлі — түсті кең белдікпен байланған халат және бай оюланған көкірекше киеді.[7]
Лати халқы негізінен күріш жейді. Күрішті пісірген кезде күрішті қайнаған су құйылған қазанға салады. Күріш пісуге жақын қалғанда, оны төгіп тастайды, содан кейін пісіруді аяқтау үшін келесі қазанға салады. Халықтың әдеттегі тағамдары - кептірілген буйвол терісі мен қышқыл маринадталған ет.[8]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.