Көшпенділер (фильм)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Көшпенділер — 2005 жылғы қазақ-француз бірлесіп түсірген фильм. Фильмнің желісі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабына негізделген.
Көшпенділер | |
Жанры |
драма |
---|---|
Режиссёрі |
Иван Пассер |
Продюсері |
Милош Форман |
Сценарийдің авторы |
Рүстем Ибраһимбеков |
Басты рөлдерде |
Джей Эрнандес |
Операторы |
Юли Штайгер |
Композиторы |
Карло Силиотто |
Кинокомпания |
«Қазақфильм» |
Дистрибьютор |
The Weinstein Company |
Ұзақтығы |
112 мин. |
Бюджеті |
34 млн. $ |
Мемлекет | |
Шыққан жылы | |
IMDb |
Жарнама ұраны: Әрбір жауынгердің, әрбір халықтың, әрбір махаббаттың өз Отаны болуы керек.
Желісі
XVIII ғасыр. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысын жүргізуде. Абылай хан атанған — Мансұр талай сынақтан өткен жас жігіт. Ол нағыз халық қолбасшысының қиын жолынан өтуі керек. Ажалмен бетпе-бет келгеніне қарамастан, ол дана, абыройлы адам болып қала береді. Оның басты мақсаты – қазақ халқын осындай қиын-қыстау кезеңде біріктіру, өйткені ортақ күш-жігермен ғана жауды өз жерінен қуып шыға алады. Сонымен қатар, осындай қиын кезеңде Мансұрдың жауынгер қыз Гауһарға деген сезімі бар, бұл да оған ауыр сынаққа айналады...
Рөлдерде
Актёр | Рөлі |
---|---|
Джей Эрнандес | Ералы |
Аянат Есмағамбетова | Гауһар |
Куно Бекер | Әбілмансұр |
Марк Дакаскос | Шарыш |
Арчи Као | Шаңгрек |
Джейсон Скотт Ли | Ораз |
Ділназ Ахмадиева | Хоша |
Тұңғышбай Жаманқұлов | Әбілқайыр |
Досқан Жолжақсынов | Қалдан Серен |
Ерік Жолжақсынов | Барақ |
Фильм 2004 жылы аяқталды, бірақ көріністі көрген продюсерлер оған қосымша қаражат салуды ұйғарып, жасаушылардан шайқас сахналарын аяқтауды және романтикалық желіні кеңейтуді талап етті. Сұраныстары құпталмаған соң режиссер Иван Пассер мен оператор Юли Штайгер жобадан шығып, олардың орнына Сергей Бодров пен Дэн Лаустсен келді.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.