From Wikipedia, the free encyclopedia
Итаяқов Көтібар (шамамен 1825, Қызылорда облысы, Құлеке қорғаны маңы – 1906, сонда) — би, болыс, қоғам қайраткері.
Кіші жүз құрамындағы Жаппас тайпасының Жылкелді руынан тарайтын Мойнақ аталығынан шыққан. 1870–1880 жылдары Царская болысында болыс болған. 1885–1895 жылы “Сарқырама” арығының ақсақалы болып бекітіліп, Перовск қаласының маңына егін егіп, бау-бақша салу ісіне араласады. Көтібар би турасында аңыз-әңгімелер көп тараған.
Көтібардың әкесі Итаяқ мұрап болған. Әкесіне арнап Көтібар мұнара соқтырған. Өзі қайтыс болғанда, мұнараның басына жерленген, сондықтан бұл "Көтібар мұнарасы" деп аталып кетті.
Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылы маңында, Көтібар мұнарасының биіктігі 10 метр, екі көлденең шеңбері 4 метр. Ішіне кіріп шығатын ашық қуыс есігі бар, шала күйдірілген саз кірпіштен салынған. Бұл мұнара 1982 жылдан жергілікті ескерткіштерді қорғау қоғамының қарамағында.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.