Көксу өзені
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Көксу – Балқаш алабындағы өзен.
Көксу өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 205 км |
Су алабының ауданы |
4670 км² |
Су алабы | Балқаш алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Басқан мұздығы |
• Координаттары | 44°58′37″ с. е. 79°57′28″ ш. б.44.97694° с. е. 79.95778° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Қаратал өзені |
• Координаттары | 45°01′54″ с. е. 77°56′38″ ш. б.45.03167° с. е. 77.94389° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Жетісу облысының Ескелді, Көксу аудандары |
Жетісу облысының Ескелді, Көксу аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 205 км, су жиналатын алабы 4670 км2.
Бастауын Жетісу Алатауындағы Басқан мұздығының оңтүстігінен алып, Көксу темір жол станциясында тұсында Қаратал өзеніне құяды.
Қараарық пен Қазан бастауларының қосылған жерінен Көксу аталады. Жоғарғы бөлігінде тар шатқал арасымен өтеді. Арнасының жағасы тік, биіктігі 4 м-ге жетеді. Су жайылмасының ені 5 – 10 м-ден аспайды. Ағысы қатты, суы мол. Жылдық орташа су ағымы Көксу а. тұсында 37 м3/с. Өзен суы шабындықтарды суландыруға, егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.