From Wikipedia, the free encyclopedia
Көкек, – көкектәрізділер отрядының бір тобы. Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкек және Оңтүстік Алтайда ғана мекендейтін меңіреу көкек бар. Дене тұрқы 25 – 40 см. Қауырсыны айқын түсті емес, аяқтары 4 бармақты (екі-екіден қарама-қарсы біткен), ағаш басында жүруге бейім. Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкек балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер, негізінен, зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.
Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты.[1] Көкектәріздестер отряды- үш отряд тармағынан құралған сан алуан құстардың отряды. Олардың әрқайсысында бір тұқымдастан болады, олар- сасықұс тұқымдастар, көкек тұқымдастар және бананжегіш тұқымдастар. Отрядта 44 туыстан 149 түрі бар. Қазақстанда тек қана көкектер кездеседі.
Көкек-көктем мен жаз айларында орман-тоғайға барған адам <<кө-көөк, кө-көөк>> деген әсем дауысты жиі естиді. Бұл - кәдімгі өз атын өзі шақыратын көкектің үні. Көкек орман санитары, себебі ол көптеген зиянкес жәндіктерді жояды, олардың ішінде тіпте басқа құстар жемейтін жәндіктер де баршылық.
Көкек тұқымдастар- орта және шағын денелі ( 20 граммнан 1 килоға дейін ), әдетте солғын реңді , кейде басында кішкене айдар болатын құстар тұқымдасын Қауырсын жабыны тығыз, қатқыл болады. Дене бітімі әдемі, кертештелген ұзын құйрықты және едәуір ұзын, үшкір қанаты бар. Аталығы мен аналығының реңі ұқсас. Тұқымдасқа жататын түрлердің өмір сүру дағдысы өте үлкен өрісті- тұрақты жұп түзетін қамқор аталық- аналықтадан бастап, масылдық деңгейі сан алуан түрлерге дейін бар. Орманда да (мұндай өмір сүрудің барлық бейімділігі бар: төрт саусақты табаны өрмелеуге ыңғайлы , оның екеуі – алға, екеуі артқа бағытталған), сондай-ақ ашық кеңістікте де өмір сүріп, құрлықта өмір сүру дағдысын игерген және өте жүйрік құстар. Негізінде бунақденелілермен қоректенеді, дегенмен кейбір түрлері едәуір ірі жануарларды- бақа, кесіртке, балапандарды жейді; өсімдік қоректі түрлері де бар. Көкек тұқымдастарға жататын 38туыс 130-ға жуық түрлі біріктіреді. Қазақстанда Cuculus туысынан тек қана 2 түр өмір сүреді.
Көкектер туысы- көкек тұқымдастарға жататын құстардың негізгі туысы (16 туыс 47 түрді қамтитын нағыз көкек тұқымдас тармағы). Орташа және шағын денелі құстар, ұяға масылдақ қасиеті бар. Көкек туыстас құстар 12 түрден құралады, олар бүкіл жер жүзіне таралған. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі көкек және меңіреу көкек өмір сүреді.
Кәдімгі көкек- денесі өте үлкен болмаса да ұзын құйрығы және жабын қауырсындарының тығыздығынан едәуір ірі болып көрінеді. Көкектің реңі қаршыға туыстас қырғиға ұқсас болады да, ұсақ торғайларды үркітеді. Аналықтары және көкектер жабын қауырсындарының реңкі көбінесе ызылсары болып келеді. Үндістанды қоспағанда Еуропада, Африканың үлкен бөлігінде орын тепкен. Қазақстанда мүлде сусыз және тіршілксіз шөлден басқа жерлердің барлығында өмір сүреді Ұя салмайды, құстың бұл түріне ұяшыл масылдық қасиеті тән. Әрбір аналықтың маманданған шағын топты түрлері бар- аналықтар ұя есі жұмыртқасының өлшері және реңіне ұқсас жұмыртқа туады. Көкек ұя иесінің жұмыртқа салуға даярланған немесе жұмыртқасы бар ұясын тауып алып, оған өз жұмыртқасын салады. Жұмыртқаны жарып шыққан қызылшақа және соқыр балапан инстинктивті қимыл жасайды- ұя қабырғасына аяғын тіреп, ұядағы өзінен басқаларды (ұя иесінің жұмыртқасын немесе балапандарын ) сыртқа теуіп шығарады. Ұяда жалғыз қалған көкектің балапаны барлық қамқорлықты асырап алған аталық пен аналықтарға жүктейді. Көкектің балапаны көбіне тез өсіп, өзінің асыраушысынан да үлкен болып кетеді де, ересек құсқа балапанның арқасына қонып, асыранды балапанның шырылдаған үлкен аузы кезектегі қорек үлесін тықпалайды. Көкектің аналығы жаз бойы бөтен ұяға 12 жұмыртқаға дейін астыртын қалдырып кетеді. Көкектер көбінесе бунақденелілермен көректенеді, өзге құстар қабыл алмайтын, тіпті түкті жұлдыөқұрттарды да жейді. Қазақстанға кешеуілдеп- сәуірдің ең соңында ұшып келіп, қыркүйектің соңына дейін ұшып кетеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.