From Wikipedia, the free encyclopedia
Күпшек, төлке – машинаның, механизмдер мен приборлардың білік немесе басқа бір бөлшек сұғылатындай өзектік тесігі бар әрі цилиндр немесе конус пішінді бөлшегі. Пайдалану мақсатына сәйкес Күпшек подшипникті, бекітпелік, өткелдік т.б. болып ажыратылады. Подшипникті Күпшек өзегіне біліктің ұшы сұғынып тұратын сырғымалы подшипниктің бөлшегі болып саналады. Ол антифрикциялық кеуек, металлкерамик, т.б. материалдардан ( шойын, жез, графит, пластмасса) жасалады. Бекітпелік Күпшек тербелмелі подшипниктің ішкі астарын, т.б. бөлшектерді біліктің ұшына, ал өткелдік Күпшек сабы конус тәрізді аспаптарды станоктың тесігі кең шпинделіне бекіту үшін пайдаланылады.
«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 5 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2003.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.