From Wikipedia, the free encyclopedia
Күлтегін көшесі Көшеге Білте қаған патшалық құрған көне дәуірдегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, Құтлығ қағанның кенже баласы, түркі жұртының мақтаны - Күлтегіннің есімі (Алматы қаласы мәслихатының 16.01.2006 №222 шешімі мен Алматы қаласы әкімдігінің 18.01.2006 № 1/37 қаулысы) берілген. Күлтегін түркі мемлекетін нығайту барысында бірнеше жорықтарға шығып,өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытқан. Күлтегіннің құрметіне арналып зиратының басына тас қойылған. Ол бүгінде Күлтегін жазуы деген атқа ие болды. Күлтегін жазуы ежелгі түркі жазба ескерткіштерінің бірі ретінде баға жетпес құнды мұра деп саналады. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласынан 40 шақырым жерге, Орхон өзенінің бойындағы Эрдени Цзу ғибадатханасының жанына орнатылған. Ескертіштің биіктігі - 3,15 метр, ені - 1,34, қалыңдығы - 0,41 метр. Көше Алатау ауданындағы «Шаңырақ-2» шағынауданында орналасқан. Көшенің ұзындығы - 650 метр.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.