From Wikipedia, the free encyclopedia
Кулактар қауымы (алғашқыда «жылпос», «қанаушы» сөздеріне синоним ретінде айтылған) - жалдамалы жұмысшы күшін қанау, саудагершілік өсімқорлық, арендаға жер беру, күш көлігін, ауыл шаруашылық құрал-саймандарын жалдау арқылы байитын село буржуазиясы.[1]
1890-шы жылдан село буржуазиясының ресми атауы ретінде пайдалынала бастады.
Тауарлы өндірістің дамуы бары сында туды. Тап ретінде Ресейде 1861-ші жылғы шаруаларлар реформасынан кейін қалыптасты.
20-шы ғасырдың басында шаруа үйлерінің бестен бірін қамтыған Кулактар қауымы барлық егістік жердің жартысын иемденді, тауарлы астықтын жартысын өндірді. Сауда мекемелерін ашты, өсімқорлықпен айланысты, күш-көлігін, жер өңдейтін құрал-саймандарды жалға беріп, кедейлер мен батырақтарды сүліктей сорды, орта шаруаға қысым салды. Өздерінің қанау әдістерін бүркемелеу үшін шаруалар қауымына қосылғанымен, бұл олардың жер өңдеу өндірісін капиталистік жолымен ұйымдастыруына оралғы болды. Рессейдегі басыбайлылық қалдықтары капиталистік қор жинауға кедергі жасады. Сондықтан да Кулактар қауымы помещиктерге дұшпандық көзбен қарады. Олар Ұлы Қазан социалистік революциясының жауы бола тұра, 1918-ші жылдың жазына дейін помещик жер иеліктерін жойып біткенше барлық шаруаларымен бірге болды. Сөйтіп, шұрайлы жерлерді, помещик малы мен құрал-саймандарын басып алды. Селолық және облысттық Кеңестерге кіріп социалистік құрылысына қолдарынан келгенше кедергі жасап бақты. 1918-ші жылдан Кеңес өкіметіне ашық қарсы шықты, астығын жасырды, бірнеше рет бүлік шығарды. Кулактар қауымына қарсы күресте кедейлер комитеттері мен азық-түлік отрядтары маңызды роль атқарды. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы жағдайында 1919-шы жылы ауылдар мен селолардағы, әсіресе, кулактар қолындағы артық астықты алуға бағытталған азық-түлік салғырты енгізілді. Кулактар қолындағы 80 млн га жердің 50 млн-ы тартып алынды.[2]
Шұрайлы жерлерінің айрылыған Кулактар қауымы Кеңес өкіметіне қарсы неше түрлі зұлымдық жасады. Азық-түлік комитеттерінің Қосшы одақтарының белсенді мүшелерін өлтірді, ұсақ буржуазия контрреволюцияның негізі әлеуметтік күшіне айналып, Антонов, Григорьев бүліктерін 1921-ші жылғы Батыс Сібір бүлігін шығарды. 1921-ші жылы Маңғыстау, Орал, Бөкей, Семей және Ақмола губернияларының бірсыпыра жерлеріне бандылар қозғалысы өріс алды. Ел ішіндегі бұл контрреволюцияға қарсы қоғамдық ұйымдар құрылып, ол бүкіл халықтық күреске ұласты. 1921 жылы 20-30-шы қаңтарда Әулие-Атада (Жамбыл) өткен Түркістан қазақ-қырғыз кедейлерінің съезінде қазақ кедейлері мен батырақтарының тұңғыш бұқаралық ұйымы қосшы одағын құру туралы қаулы алды. Ол Қазақстан компартиясы мен Кеңес өкіметінің ауылдағы негізгі тірегіне айналды. 1921-ші жылы еліміздің Жаңа экономикалық саясатқа көшуіне байланысты кулактар шаруашылықтары қайта өрістеді. Дегенмен жерді национализациялау ауылдағы капитал қорын жинау негізгі көздері жойылды.
Кеңес өкіметі Кулактар қауымына қарсы тежеу және ығыстыру саясатын жүргізді. РК (б) партиясының 11-ші съезінде В.И. Ленин партияға: таяу уақыттың ішінде «орыс капитализмі мен ұсақ шаруашылығынан өсіп шығатын капитализммен, соның қолдауына сүйенетін капитализммен ақырғы және шешуші ұрыс» болғалы тұрғанын ескерген болатын.[3]. Шынында да жаппай ұжымдастырудың бас кезінде Кулактар қауымы шаруа шаруашылықтарының 5 пайызын қамтиды.[4]
1927-ші жылы кулактар шаруашылығы 1 миллионнан астам болды. Бырақта өндіріс құралдарының көпшілігі солардың қолында қалды. Олар коммунистік партияға қарсы тұратын «Шаруалар одағы» ұйымын құрмақ болды, Кеңестер мен коммунистерге қарсы үгіт жүргізіді. 1927–1928-ші жылдары бекітілген бағамен мемлекетке астық сатуға қарсы «Астық бүлігін» ұйымдастырды. 1927-ші жылы партия кедей, орташа бұқараға сүйеніп «Ауылға бет бұрыңдар» деген ұран көтерді. Партияның негізгі тіреуі 21 мыңдай пария ұясы мен ширек миллионнан астам коммунисттер еді. Бұларға бір миллион жас күрескер 200 мың ауыл тілшілері қосылды. Партия кулактарға қарсы шұғыл шаралар белгіледі, оларды тежеуді күшейтті, салық көлемін ұлғайтты. Кулактар сотқа тартылып артық астығы сот шешіммен тәркіленді. Бұл астықтың төрттен бір бөлігі ауылда кедейлер қорына берілді.[5]
Байлар мен кулактардың Кеңес өкіметіне қарсы күресі Қазақстанда шиеленіскен жағдайда өтті. Өйткені олар мұнда сан жағынан көп (Азамат соғысының ақырында 6-8 пайызға жетті), экономикалық жағынан күшті еді. Кулактар шаруалардың салғыртқа қарсы наразылығын пайдаланып, оларды Кеңес өкіметіне қарсы көтермек болды. 1921-ші жылы көктемде жүзеге аса бастаған жер-су реформасының нәтижесінде Жетісу, Сырдария губернияларының батырақтары, 160,1 мың жер, құрал-сайман алды. Оралдың сол жағалауындағы қазақ шаруалары 208 мың га жерге ие болды. Қазақ шаруалары бұрын өздерінен тартып алынған жайылымдықтарды, егістік жерлерді, мал айдайтын жолдарды қайтып алды. Кулактар өз жерлерін өртеп, мүліктерін жоя бастады, қастандық әрекетке көшті, қазақтар мен орыстар арасында арандаушылық өсек-аяң таратты, қаруланған бандалар қазақ ауылдарына шабуыл жасады. Ауыл шаруашылығының жаппай ұжымдастырудың өрістеуі Кулактар қауымына тап ретінде жою саясатына көшуге негіз болды. Қосшы одағы мүшелерінің қатары 19 683 адамға жетті.[6]
1927–1928-ші жылдарғы жерді қайта бөлу нәтижесінде байлар мен кулактар шаруашылықтарының үлесі 5 еседен де көп кеміді. Қазақстан Орталық Атқару комитеті 1928-ші жылы 27-ші тамызда аса ірі байлар мен кулактар мүлкін тәркілеу туралы заң шығарды. Бұл тәркілеуге 696 шаруашылық ілікті. Ірі байлар мен феодолдардан 145 мың бас мал, ауыл шаруашылық құрал-саймандары, құрылыстар, тағы басқа мүлік алынды. Малдың 78,8 пайызы қазақ еңбекші шаруаларына бөлінді. Барлығы 988 бірлестік тәркіленген мал-мүліктен алды. Кулактар қауымы құрылысына қарсы қатты қарсылық көрсетті. Таптық күрестің бұлайша шиеленісі Кулактар қауымын тап ретінде жою процесін тездетті. БК (б) ОК-нің (1930-шы жылы 30-шы қаңтар) Орталық Атқару комитеті мен КСРО Халкомсовының (1930-шы жылы 1–4-ші ақпанда) қауылылары мен нұсқаларына сәйкес жаппай ұжымдастыру аудандырға жерді жалға рұқсат беру және жалдама еңбекті қолдану туралы заң жойылды. Тәркіленген мүліктер колхоздардың бөлінбейтін қорына қосылды. Ірі кулактар мен контрреволюционерлер күреске қатысқандардың отбасы жер аударылды. Бұл шараны жүзеге асыруға Кеңес өкіметінің қоғамдық ұйымдардың шаруалардың өкілдері қатысты. Қазақ АКСР ОАК мен Халкомсовы осы жылғы 19-шы ақпанда колхоз қозғалысын өрістеу, байлар мен кулактарға қарсы кұресу туралы қауыл алды. Бұл қаулыда кулактар мен байлардың мүліктерін конфискелеп, өздерін жер аудару туралы Кеңестердің округтік атқару комитеттеріне құқық берілді. Жаппай ұжымдастыру аудандарында кулактар мен байлар шаруашылығын жою жөніндегі комиссиялар құрылды.[7] Республикамыздың жаппай ұжымдастыру жұргізілген 60 ауданда еңбекшіліердің белсене қатысуымен 1930-шы жылдың 1-ші ақпанында 19 163 бай-кулак шаруашылықтары жойылды.[8] Ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрудың нәтижесінде шаруалар кулактар қанауынан мәңгі құтылды. КСРО-да колхоз құрылысы жеңді. Кулактар қауымының тудырған жағдайлар жойылды. Кулактардың негізгі бөлігі өздері тұрған әкімшілік аудандар төңірегіне ғана жер аударылып, кейін колхоздарға қабылданды, кеңшарларға жұмысқа кірді, қалаларға ауысты. Адал еңбек еткен Кеңес өкіметіне ниеті түзу бұрынғы кулактар бірте-бірте азаматтық құқықтарына ие болды.
1936-шы жылғы КСРО Конституциясы бойынша олардың барлығына да сайлау құқығы берілді. 1941-ші жылдың басында жер аударылған 830 мың кулак (220 мың отбасы) болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында олардың көпшілігі қажырлықпен еңбек етті, балалары фашист басқыншыларына қарсы майданға аттанды. Олардың көпшілігі ордендерімен, медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін кулактардан соңғы тежеулер алынып, олардың социалистік құрылысқа белсене араласуына мүмкіндік туғызылды. Сөйтіп қайта тәрбиеленген Кулактар қауымы кеңестік құрылыстың тең құқықты азаматына айналды. Социалистік лагерьдің басқа елдерінде Кулактар қауымы шаруа шаруашылықтарын өндірістік кооперативтендіру нәтижесінде тап ретінде жойылды.[9] Бұларда кулактарды жою жүйелі тежеу және ығыстыру жолымен іске асты. Кулактардың басым бөлігі өз шаруашылықтарын жойып, халықтың басқа салаларына ауысты.[10]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.