From Wikipedia, the free encyclopedia
Коул Митчелл Спраус (кейде қателесіп Спроус; ағылш. Cole Mitchell Sprouse; туылды: 4 тамыз 1992[1], Ареццо, Тоскана, Италия)[2] — американдық актёр, Дилан Спраустың егіз бауыры. Ол «Достар» сериалындағы Бэн Гәллер, "Disney Channel" арнасындағы «Зак пен Кодидің Балғын Өмірі» және «Зак пен Коди палубада» комедиялық сериалдағы Коди Мартиннің рөлімен танымал. Сондай-ақ 2017 жылы "The CW" арнасында көрсетілетін Ривердэйл сериалында Джагхэд Джонс рөлін ойнаған.
Коул Спраус | |
ағылш. Cole Sprouse | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Коул Митчелл Спраус |
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1993—2012 |
Марапаттары |
«Teens Choice Awards» (2017 — екі рет) |
IMDb | |
Коул Спраус | |
Егіздер Дилан мен Коул Италияның Ареццо қаласында дүниеге келді, онда олардың ата-аналары Мәттью Спраус пен Мэлани Райт Тосканада ағылшын тілінен сабақ берём жүрген[3]. Коул егізі Диланнан 15 минут өткен соң дүниеге келді[4]. Коулға американдық джаз әншісі және пианист Нат Киң Коулдың есімі берілді[5][6] . Коул туылғаннан кейін, 4 айдан соң отбасы туған жеріне Лоң-Бич, Калифорнияға көшті.[7]
Ағайынды Спраус өздерінің мансабын кино мен теледидардан ертерек бастады, дәлірек айтсақ, 8 айдан бастап, әжесі Джонин Бут Райт — актриса және драма мұғалімінің арқасында[8]. Коулдың мансабының көп бөлігі ағасымен өтті, алғашында олар жарнамаларға, телешоулар мен фильмдерге бірге түсетін немесе тіпті бір рөлді бөлісіп ойнайтын.[9] Коул Спраус өзінің мансабының алғашқы кезеңінде ағасымен бөліскен рөлдердің ішінде: «Grace Under Fire» телесериалындағы Патрик Кәллидің рөлі (1993-1998), 1999 ж. «Үлкен Әкетай» фильміндегі Джулианның рөлі және 2002 ж. «The Master of Disguise» комедия фильміндегі кішкентай Фисташио Дисгайзи.[10][11] Сондай-ақ, 1999 жылы Коул «Ғарышкердің әйелі» фильмінде Джонни Депп пен Шарлиз Теронмен бірге ойнады. 2001 жылы Кол «Достар» комедиялық сериалында Росс Гәллердің баласы Бэн рөлін ойнады.[11] Бұл оның ағасынан бөлек ойнаған алғашқы рөлі[12]. Ағайындылар жасы ұлғайған сайын, олар жеке кейіпкерлер ретінде көбірек рөлдерді ала бастады, бірақ көбінесе сол жобаларда жұмыс істеді. Олардың сол шығармадағы жеке кейіпкерлер ретіндегі алғашқы рөлі «MADtv» скетчтегі балалар болды[13]. Коул 2005 жылы «Disney Channel» арнасындағы «Зак пен Кодидің Балғын Өмірі» комедиялық сериалында Коди Мартиннің рөлін алады, ал Дилан Зак Мартин. Сериал едәуір даңққа ие болды және бірқатар сериалдар алынды, ал Зак пен Коди басқа да бірнеше теледидарлық жобаларда (мысалы, «Уэйверли Сиқыршылары» және «Ханна Монтана») камео ретінде пайда болды. 2008 жылы сол сериалдың спиноффы «Зак & Коди палубада» және онымен байланысты фильмдегі рөлді сомдап шығады.[10][14]
Алайда, 2011 жылы олар актерлік мансапқа үзіліс жариялап, Нью-Йорк университетіне түсу туралы[15] мәлімдеген, онда Коул археология және басқа гуманитарлық пәндерге баса назар аударды[16]. Университетті аяқтағаннан кейін[17] (2015 жылы) екеуі де киноға оралды, бірақ қазір әрқайсысы жеке-жеке.
9 ақпанда, 2016 жылы Коул "The CW" арнасында көрсетілетін «Арчи Комикс» кейіпкерлеріне негізделген «Ривердэйл» жасөспірім драмалық сериалда Джагхэд Джонс рөлін сомдады.[18] Сериалдың тұсаукесері 2017 жылдың 26 қаңтарында өтті.
2019-да Коул наурыз айында шығарылған «Бір метр қашықтықта» романтикалық драмада ойнады және фильм прокатта өзін жақсы көрсетті[19]. Ол онда өзі ауыратын муковисцидоз ауруымен ауыратын қызға ғашық болады (қыздың рөлін Хэйли Лү Ричардсн ойнайды). Бұл оның бірінші, «Үлкен Әкетай» фильмінен кейін 20 жыл өткен соң, ірі театр фильміндегі екінші басты рөлі болды.
Коулда Instagram желісінде екі аккаунт бар, негізгіден басқа, екіншісі бар, онда ол кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың оны түсіріп жатқанда суретке түсіреді екен. "Elle" сұхбатында ол өз жанкүйерлерін мазасыздықпен жеңгенін түсіндірді. Бұл туралы алаңдаушылық кеткеннен кейін, ол екінші аккаунтты жаңартуды тоқтатты[20].
Коул фотосуретке қызығушылық танытады. 2011 жылы ол фотограф ретінде жеке сайтын іске қосып, Нью-Йорк университетінде сабақтарға қатыса бастады.[21][22] Ол көптеген сәнді басылымдарға, оның ішінде Teen Vogue, L'Uomo Vogue, The Sunday Times Style және W журналына модель болып қана қоймай, фотограф болып атсалысты.[23][24][25][26]
2017 жылдан бастап, ол Ривердэйл сериалындағы әріптесі Лили Райнхартпен кездесіп жүр.[27]
Марапаттар мен номинациялар | |||||
---|---|---|---|---|---|
Марапат | Жыл | Дәреже | Еңбек | Нәтиже | Дерек. |
YoungStar Awards | 1999 | Үздік комедиялық фильмдегі жас актер | Үлкен Әкетай | Номинация | [28] |
MTV Movie & TV Awards | 2000 | Үздік экрандық дуэт | Номинация | [29] | |
Blockbuster Entertainment Awards | Үздік актер екінші жоспардағы — комедия | Номинация | [30] | ||
Жас Әртіс | Толық метражды фильмдегі үздік қойылым — актер он жас аралығында не кіші | Номинация | [31] | ||
2006 | Үздік жас телесериал актері — комедия н/е драма | Зак пен Кодидің Балғын Өмірі | Номинация | [32] | |
Kids' Choice Awards | 2007 | Үздік телевизиялық актер | Номинация | [33] | |
Жас Әртіс | Үздік телевизиялық қойылым комедия н/е драма | Номинация | [34] | ||
Kids' Choice Awards | 2008 | Үздік телевизиялық актер | Номинация | [35] | |
2009 | Үздік телевизиялық актер | Номинация | [36] | ||
2010 | Үздік телевизиялық актер | Номинация | [37] | ||
2011 | Үздік телевизиялық актер | Номинация | [38] | ||
Shorty Awards | 2017 | Үздік актёр | — | Номинация | [39] |
Teen Choice Awards | Үздік актёр драмалық сериалда | Ривердэйл | Жеңіс | [40] | |
Үздік экрандық жұп (Лили Райнхартпен бірге) | Жеңіс | ||||
Сатурн | 2018 | Үздік жас телесериал актері н/е актрисасы | Номинация | [41] | |
Teen Choice Awards | Үздік драмалық сериал актері | Жеңіс | [42] | ||
Таңдаулы сүйіс (Лили Райнхартпен бірге) | Жеңіс | ||||
Ең тартымды жігіт | — | Жеңіс | |||
Үздік экрандық жұп (Лили Райнхартпен бірге) | Ривердэйл | Жеңіс | [43] | ||
Сатурн | 2019 | Үздік жас телесериал актері н/е актрисасы | Номинация | [44] | |
Teen Choice Awards | Үздік актер драмалық фильмде | Бір метр қашықтықта | Номинация | [45] | |
Үздік актер драмалық сериалда | Ривердэйл | Жеңіс | |||
Үздік экрандық жұп (Лили Райнхартпен бірге) | Жеңіс |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.