From Wikipedia, the free encyclopedia
Клоака — бір қатар омыртқалы жануарларға (кейбір дөңгелек ауыздылар және балықтар, барлық қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, клоакалы сүтқоректілер) тән тік ішектің кеңейген соңғы бөлігі. Клоаканың қабырғасы да, басқа түтікше мүшелердің қабырғасы тәріздес үш қабықтан: ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы — етті қабықтан және сыртқы — тік ішекпен жалғасқан алдыңғы бөлігі — сірлі қабықтан, ал соңғы бөлігі — адвентиция қабығынан құралған. Клоаканы көлденеңінен орналасқан екі етті сақина үш бөлімге: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөледі.
Алдыңғы бөлімді нәжіс қойнауы деп атайды. Бұл бөлім тік ішектің тікелей жалғасы болғандықтан, оның қабырғасының гистологиялық құрылысы тік ішек қабырғасының құрылысына ұқсас, яғни оның кілегейлі қабығының ішкі бетінде қысқа келген ішек бүрлері, кілегей бөлетін түтікше бездер мен бірклеткалы құтыша бездер болады. Клоаканың ортаңғы бөлімі несеп қойнауы деп аталады. Бұл бөлімнің жоғарғы бүйір қабырғасына несепағар мен жануарлардың жынысына байланысты не шәует жолы, не жұмыртқа жолы ашылады. Ортаңғы бөлімнің кілегейлі қабығында ішек бүрлері мен бездер болмайды. Еркек жануарлардың түрлеріне байланысты ортаңғы бөлімде әртүрлі деңгейде жетілген жыныстық қатынас мүшесі орналасады. Клоаканың соңғы бөлімінің кілегейлі қабығы көпқабатты эпителиймен астарланған. Клоака кілегейлі қабығының өзіндік тақташасында қорғаныс қызметін атқаратын лимфоидты құрылымдар болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.