From Wikipedia, the free encyclopedia
Клавесин (франц. clavecіn) – клавишті-шертпелі ішекті музыкалық аспап. Клавесин жайындағы жазба деректер 1511 жылдарға, ал бүгінгі күнге дейін сақталған ең көне италиялық шеберлерден шыққан аспап 1521 жылға жатады. Клавесин барлық еуропалық елдерде таралған; Ресейде 16 ғасырда пайда болды. Тегі псалтериум (гуслиге ұқсас) аспабынан шыққан. Диапазоны 4 – 5 октава. Француз клавесин мектебінің негізін салушы Ж. Шамбоньер (1601 – 1670/72) болды. Клавесинде асқан шеберлікпен ойнаудың тамаша үлгісін жасаған – италиялық композитор әрі орындаушы Д.Скарлатти (1685 – 1757). 17 – 18 ғасырлардағы белгілі француз клавесиншілері: Ф.Куперен (1668 – 1733), Ж.Ф. Рамо (1683 – 1764), Л.К. Дакен (1694 – 1772) т.б. 18 ғасырда фортепианоның пайда болуына байланысты Клавесиннің рөлі төмендеді. Клавесин жеке камералық-ансамбльдік, сонымен қатар оркестрлік аспап ретінде қолданылды. [1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.