From Wikipedia, the free encyclopedia
Кирилл мен Мефодий – Византиядан Моравияға шақырылған христиан дінінің уағыздаушылары. 862 жылы славяндық Моравия мемлекетінің князі оларды еліне шақырады. Князь Ростиславтың мақсаты өз қол астындағы славяндарды христиан дініне кіргізу болатын. Сондықтан Кирилл мен Мефодийді Ростислав жақсы қарсы алады. 863 жылы Моравия еліне Византиядан ағайынды діндар (монах) Кирилл мен Мефодий бастаған шіркеу миссиясы келеді. Олар осы уақытқа дейін Кіші Азиядағы монастырьда славяндарға арнап грек алфавиті негізінде әліппе (азбука) құрастырған болатын. Енді Кирилл мен Мефодий славяндарды жазу-сызуға үйрете бастады. Сонымен қатар, шіркеу кітаптарын аудару ісі қолға алынды және жергілікті дін таратушыларды дайындай бастады. Кейін 869 жылы Рим папасы Адриан екінші Мефодийдің атқарған қызметі үшін Паннония мен Моравияға архиепископ етіп тағайындады. Ал бұл кезде оның інісі Кирилл Римге барып қайтыс болған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.