From Wikipedia, the free encyclopedia
Кеңқияқ мұнай кен орны — Ақтөбе облысы Темір ауданында, Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 250 км жерде орналасқан. Кен орны 1959 жылы ашылған.
Кеңқияқ мұнай кен орны | |
48°34′59″ с. е. 57°07′05″ ш. б.48.5829669° с. е. 57.1179199° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақтөбе облысы |
Ашылған уақыты | 1959 жыл |
Кеңқияқ мұнай кені құрылымдық жағынан тұз күмбезімен байланысты. Тұз үстіндегі қимада белгілі болған 9 мұнайлы қабат юра, триас және пермь кезеңі жыныстарында орналасқан. 1971 жылы тұз астындағы төменгі пермь кезеңі шөгінділерінде тағы 5 өнімді қабат, ал 1979 жылы ортаңғы карбон кезеңінің карбонатты қабаттарында үлкен мұнай шоғыры анықталған. Өнімді мұнай қабаттары 160 м-ден 4300 м-ге дейінгі тереңдікті қамтиды. Қима құмтас, алевролит, гравелит, саз және аргиллиттерден құралған.
Мұнайдың тығыздығы 0,876-0,909 г/см3, құрамындағы күкірттің мөлшері 0,43-0,81%, парафині 0,37 -2,97%, шайыры 6,2-11,4%. Кен орнында барлау жұмыстары аяқталған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.