Керімберді хан
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Керімберді, Кәрімберді (тат. Kärimbirde xan) – Алтын Орда ханы (1412/13 – 1414/16), Тоқтамыс ханның баласы. 15 ғ-дың бірінші ширегінде Алтын Орданың ыдырау процесі тереңдеп, ішкі және сыртқы саяси факторлардың әсерімен хандар жиі ауысып отырды. їижраның 815 ж. (1412/13) Керімберді Ұлы Литва князьдігімен жақындаса бастаған туған ағасы Жалал әд-Динді өлтіріп, хан тағына отырады. Керімберді сыртқы саясатта Мәскеу князьдігіне жылы шырай көрсете бастайды. Бұған қарсы Ұлы Литва князі Витовта Вильно қ-нда Бессабулды хан етіп тағайындап, Сарайға қарсы жорыққа аттандырды. Шамамен 1415 жылдың соңында Керімберді Бессабулдың әскерін талқандап, оның өзін өлтіреді. Керімберді. Алтын Орданың ішкі саяси өміріндегі талас-тартыстарды тоқтата алмады. 1414 жылдың басында Тоқтамыс ханның басқа бір ұлы Кебек сарай төңкерісі нәтижесінде Керімберді ханды биліктен ығыстырып, таққа өзі келеді. Керімберді ханның одан кейінгі тағдыры және ұрпақтары туралы нақты дерек жоқ.[1]
Керімберді хан | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1412 — 1414 | ||
Ізашары | Жәлеләддин хан | |
Ізбасары | Кепек хан | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | белгісіз | |
Қайтыс болуы | 1414 | |
Әкесі | Тоқтамыс хан | |
өңдеу |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.