From Wikipedia, the free encyclopedia
Джон Фицджералд Кеннеди (ағылш. John Fitzgerald “Jack” Kennedy, JFK деген лақап атымен; 29 мамыр 1917, АҚШ, Массачусетс штаты, Бруклайн қаласы – 22 қараша 1963, Техас штаты, Даллас қаласы) — АҚШ-тың 35-президенті (1961 – 63).
Джон Фицджеральд Кеннеди John Fitzgerald Kennedy | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
20 қаңтар 1961 жыл — 22 қараша 1963 жыл | ||||
Вице-президент | Линдон Джонсон | |||
Ізашары | Дуайт Эйзенхауэр | |||
Ізбасары | Линдон Джонсон | |||
| ||||
3 қаңтар 1953 жыл — 22 желтоқсан 1960 жыл | ||||
Ізашары | Генри Лодж | |||
Ізбасары | Бен Смит | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | АҚШ-тың Демократиялық партиясы | |||
Дүниеге келуі | 29 мамыр 1917 Бруклайн, Массачусетс | |||
Қайтыс болуы | 22 қараша 1963 (46 жас) Даллас | |||
Әкесі | Джозеф Патрик Кеннеди | |||
Анасы | Кеннеди, Роза Элизабет Фицджеральд | |||
Жұбайы | Жаклин Кеннеди | |||
Балалары | Джон, Каролайн | |||
Қолтаңбасы | ||||
Джон Фицджеральд Кеннеди Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Ирландиядан шыққан миллионер отбасында дүниеге келген. Лондонның экономика және саясаттану мектебін және Гарвард университетін бітірген. 1941 – 45 ж. АҚШ-тың Тынық мұхиттағы Әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1945 ж. журналистикамен айналысты. 1947 – 53 ж. АҚШ Конгресінің төменгі палатасының депутаты, 1953 – 61 жылы сенатор, 1961 – 63 ж. АҚШ президенті болды. “Жаңа шептер” деп аталатын бағдарлама ұсынып, онда АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын әлемдегі күштердің арасалмағының өзгеруіне қарай бейімдеп жүргізуді көздеді. АҚШ пен НАТО-ның соғыс қуатын арттыруға және “коммунизмді тежеу” үшін басқа елдерге экономикалық көмек беру арқылы идеологиялық ықпал жасауға тырысты. Өмірінің соңғы жылдарында халықаралық даулы мәселелерді бейбіт келіссөздер арқылы шешуге, КСРО-мен неғұрлым оңтайлы қарым-қатынас жасауға әрекет етті. Ол өте еңселі, биік адам болды. 1963 ж. тамызда жерде, әуеде және суда ядролық қаруды сынауға тыйым салу жөніндегі Мәскеу шартына қол қойды. Соңғы саясаткерлер Джон Кеннедиді АҚШ президенттерінң ішінде халықаралық мәселелерді ең оңтайлы шешетін президент ретінде таныды . Саяси қарсыластары тапсырмасымен жасалған қарақшылық салдарынан қаза тапты. Кейін ағасының ісін жалғастырып, АҚШ президенттігіне сайлауға түскен оның інісі Р.Кеннедидің (1925 – 1968) де қазасы кісі қолынан болды. Кеннедилер әулетінен шыққан тағы бір саясаткер, сенатор Эд. Кеннеди 20 ғасырдың 70-жылдары Қазақстанда (Алматыда) болып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен танысқан.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.