Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Келін – туыстық атау. Некедегі әйел өз күйеуінің жасы үлкен туыстарына, немере ағайын, аталастарына келін болып келеді. Алғашқы жылы басына сәнді жамылғы – желек салып жүрген жас келін тұңғыш баласы туғаннан кейін төркіндеп қайтады. Бірнеше жыл өткен соң, мәртебесі бекемделіп, келіншек аталады. Ол қонақ күту, дәстүрлі жоралғыларды атқару, шаруа жасау, бала тәрбиесіндегі ептілігі, жөн білгіштігі, көргенділігі мен икемділігі арқасында ауылдастар мен күйеуінің туыстарынан лайықты бағасын алады. Келіннен бірқатар тыйымдар мен қарым-қатынастағы этикет талап етіледі. Мыс., келін күйеуінің ата, апаларының, жасы үлкен туыстарының (әйел, еркек) және абысын-ажындарының, қайындары мен қайынсіңлілерінің атын атамайды. Мұндай ат тергеу келіннің инабаттылығына, тапқырлығына сын. Келін олардың туыстық жақындығы, мінез-құлық әрекеттеріне қарай ұнамды түрде тұспалдау, баламалау, астарлау түрінде аттар таңдайды. Келін деп өзімен бірге туған кісінің әйелі ғана емес, аталас, рулас ағайындылардың ішіндегі өзінен кіші адамның жұбайын да атайды. Сонымен қатар келін сөзі сыпайыгершілік мағынада да қолданылады. [1]
Келін жаман емес, келген жері жаман.
Келін қыз болмас, күйеу ұл болмас.
Жақсы енені жаман келін жер қылады, жақсы келін жаман енені ел қылады.
Келіннің зекіп айтқаны, езіп құйған умен тең. Көңілсіз берген тамағы, құм аралас күлмен тең. (Құлтума)
Жау сырыңды алса, қызыңды алады.
Ел анасы - қыз, жол анасы - із.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз. Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
Жақсы бала бағыңа бітеді, жаман бала түбіңе жетеді.
Ашық әйелден ақымақ дәмелі.
Жақсы әйел аңғарғыш, жаман әйел шамданғыш.
Келіннің жақсысы құрдасыңдай, ұлыңның жақсысы сырласыңдай.
Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт.
Төркіні тентек келіннің тілі ұзын, төркіні момын келіннің жібі ұзын.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.